Қазақтың Қанышы
Қызылжардағы креативті орталықта зерттеуші, “Отбасы хрестоматиясы” жобасының жетекшісі Санжар Керімбаймен кездесу өтті. Шарада жастарға жоба аясында жарық көрген кітаптар таныстырылып, Қаныш Сәтбаевтың қазақ ғылымының өркендеуіне қосқан үлесі туралы айтылды. Өрендер рухани әңгімеге сусындап, қазақтың маңдайына біткен асыл ерлердің ерен еңбегі туралы білді. Қаныш Сәтбаев – қазіргі қазақ ғылымының іргетасын қалап, ұлтының жоғын түгендеп, саналы ғұмырында …