«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саясат

ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

Облыс орталығында “Amanat” партиясы облыстық филиалының жанынан құрылған “Miras” қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Күн тәртібіне сай алғашқы отырыста алдымен кеңестің жаңа мүшелері мен төрағасы таныстырылды. Партияның орталық бюросының мақұлдауымен кеңес төрағасы болып “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы Ербақыт Амантай, орынбасары болып халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жанат Мұхамеджанов тағайындалды. …

ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫ КӨБЕЙЕДІ Read More »

Жауапкершіліктің жүгі ауыр

Қазақстан Республикасының заң нормаларымен рәсімделген мемлекеттік қызмет жүйесі қоғамның тыныс-тіршілігін, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін тиімді тәсілдермен жүзеге асыруда ерекше рөл атқарады. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде атқармағаны үшін азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тәртіптік жауапкершілікті реттеу, алдын алу, тәрбиелік, жазалау, қалпына келтіру функциялары түрлі …

Жауапкершіліктің жүгі ауыр Read More »

Ауыл медицинасы алға басып келеді

“Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды” – деген еді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Жолдауында. Тұрғындардың денсаулығын жақсарту еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі саналады. Денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы …

Ауыл медицинасы алға басып келеді Read More »

Мақсат – жұмыс тиімділігін арттыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым бағыттардың бірі ретінде мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғырту керек екенін баса айтты. Атал­ған жаңғыртудың негізгі міндеті – адал және ашық жұмыс істейтін тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Бүгінде бұл бастама кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Қазір біздің алдымызда бюрократиядан арылу, мемлекеттік қызметке орна­ласу кезінде артық кедергілерді алып тастау, мемлекеттік қызметке …

Мақсат – жұмыс тиімділігін арттыру Read More »

ҚОРДЫҢ ШАРАПАТЫ

“Қазақстан халқына” қорының де­меушілігімен өңіріміздегі ерекше бі­лім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған тағы бір мектеп-интер­нат заманауи қондырғылармен жа­рақ­тандырылды. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Ломоносов ар­найы (түзету) мектеп-интернатының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қордан 13 млн. теңге бө­лініпті. Қазіргі уақытта мектепте 58 бала тәлім-тәрбие алады, оларға 33 ұстаз білім береді. Ломоносов арнайы (түзету) мек­теп-интернатының директоры На­талья Ахмадуллинаның айтуынша, …

ҚОРДЫҢ ШАРАПАТЫ Read More »

МҰҚТАЖ ЖАНДАР – МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

Еліміздің басты құндылығы – адам. Қай елде болмасын азамат­тардың материалдық жағдайы бір­дей емес. Олардың арасында мем­лекеттің қолдауына мұқтаж жандар­дың болатыны сөзсіз. Қазақстанда қоғамның әл­жуаз топтарына арналған бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға ар­налған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба. Ұлттық жоба көз­де­ген он міндеттің үшеуі – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Оның ішінде кәсіп …

МҰҚТАЖ ЖАНДАР – МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА Read More »

Қойылар талап жоғары

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді. Сондай-ақ қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық ахуалын қалыптастыруға, аталған салада еңбек етіп жүргендердің әдепсіз әрекетінің алдын алуға бағытталған. Жалпы Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге адамгершілік бағыт-бағдар беруге арналған. Оның мақсаты – мемлекеттік қызметшінің бойында сенімділікті арттыру және кодексте көрсетілген барлық қағидаларды …

Қойылар талап жоғары Read More »

Жаһандық ғылымдағы жетістіктер біздің жастарға қолжетімді

Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің қатысуымен жоғары білім беру жүйесін қайта форматтау белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Парламент Мәжілісінің отырысында жаңа эконо­мика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығын баса айтқан болатын. Президенттің 2025 жылға дейін шет елдердің беделді бес университетінің филиалын ашу туралы шегелеп айтқан тапсырмасы жүзеге асырыла бастады. …

Жаһандық ғылымдағы жетістіктер біздің жастарға қолжетімді Read More »

ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕТПЕК

Берешегі барға береке бітпейді. Бүгінгі таңда елімізде несиенің шырмауынан шыға алмай жүргендер өте көп. Сол себепті халықтың қаржылық сауатының артқаны аса маңызды. Оның тиімді жолы –қаржылық сауаттылықты арттыратын курстарға қатысу. Бұндай білім ауыл, аудан тұрғындары үшін аса қажет. Осы ретте облысымызда “AMANAT” партиясы “Halyk Bank”-пен бірлесіп жүзеге асыруды көздеп отырған “Қарызсыз қоғам” жобасы бойынша оқыту …

ҚАРЖЫНЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕТПЕК Read More »

СӨЗ БЕН ІСТІҢ БІРЛІГІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет дегені тектен тек айтылған жоқ. Президент жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалыққанын, халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайтынына ерекше екпін түсірді. “Бізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар …

СӨЗ БЕН ІСТІҢ БІРЛІГІ Read More »

АСХАТ — ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жариялаған дәстүрлі “Үздік ауыл әкімі” республикалық байқауының облыстық кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталды. Оған аталған қызметте екі жылдан астам уақыт еңбек еткен, жақсы нәтижелерге қол жеткізген 16 ауыл әкімі қатысты. Байқау ережесі бойынша қатысушылар екі кезең бойынша сынға түсті. Алдымен олар өз жетістіктерін, атқарған жұмыстарын, қоғамдық қызметін, жаңа бастамаларын өңірлік комиссияның назарына …

АСХАТ — ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ Read More »

САЛЫҚ САЯСАТЫ ИКЕМДІ БОЛУЫ ТИІС

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі Жолдауларында жария етілген ауқымды реформаларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңесте одан әрі дәйектеп, түпкі мақсат халықтың өмір сапасын жақсартуға, табысын көбейтуге, азаматтардың өзін-өзі дамытуға барлық мүмкіндікті жасауға жұмылдырылатынын айрықша атап көрсетті. Осыған орай азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу, агроөнеркәсіп саласын дамыту, отандық өндірісті ұлғайту, байыпты макроэкономикалық саясат …

САЛЫҚ САЯСАТЫ ИКЕМДІ БОЛУЫ ТИІС Read More »

Ротацияның тиімділігі

Мамлют ауданына жұмыс сапа­рымен барған мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степа­ненко “дөңгелек үстел” басына жи­налған мемлекеттік қызметшілерге атқарылған жұмыстар мен тиісті заң жобасына енгізілген өзгерістер жайлы айтып берді. “Цифрландыруды дамыту” жо­басы бойынша агенттікке мемле­кет­тік қызметтерді ұсыну кезінде заң бұзушылықтың алдын алу функ­циясы берілген. Себебі кейде қызметтер уақтылы көрсетілмейді немесе негізсіз бас тарту …

Ротацияның тиімділігі Read More »

БАҒА БАҚЫЛАУДА

“Amanat” партиясының облыс­тық филиалы жанындағы бақылау комиссиясы алты айдың ішінде 82 сауда нүктесіне барып, тұрақтан­дыру қорынан бөлінетін азық-түлік өнімдерінің бағасын қадағалады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі тағам енгізілген. Олардың ішінде ұн, макарон, жұмыртқа, күріш, қара­құмық, күнбағыс майы, сиыр, тауық еті, көкөніс, тұз секілді жұртшылық көп тұтынатын азық-түлік бар. Мониторинг барысында сауда орындарында …

БАҒА БАҚЫЛАУДА Read More »

“ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” ЖОБАСЫ

“Amanat” партиясы ауыл тұр­ғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында “Halyk Bank”-пен бірлесе отырып, “Қарызсыз қоғам” жобасын іске қосты. Оның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық бере­шегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. Жобаға қатысуға өтінім 2 мамырдан бастап қабылданып, жыл соңына дейін жалғасады. Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курс рес­публикалық саяси ұйымның аудан­дық филиалдарында өтеді. …

“ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” ЖОБАСЫ Read More »

САПАЛЫ ЖОЛ – ДАМУ КӨРСЕТКІШІ

Жол – экономиканың күретамы­ры. Тақтайдай тегіс жолдардың арқа­сында адамдар діттеген же­ріне жет­се, мемлекеттер жүк тасымалын реттейді. Оған туризм әлеуетін де қос­сақ, артық емес. Бір сөзбен айтар болсақ, жол инфрақұрылымы арқы­лы экономиканың көптеген салала­ры дами түсе­тіні ақи­қат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған “Әділетті мем­лекет. Бір­тұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолда­уында: “Автожол құрылысына, со­ның ішінде жергілікті …

САПАЛЫ ЖОЛ – ДАМУ КӨРСЕТКІШІ Read More »

Бюджет толыға түсті

Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезек­тен тыс екінші сессиясы өтіп, оның жұмысына өңір басшысы Айдарбек Сапаров қатысты. Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе – 2022-2024 жыл­дарға арналған облыстың бюджетін бекіту туралы шешімге толықтырулар енгізу жайында бол­ды. Бұл жөнінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндады. Биыл республикалық бюджет­тің нақтылануынан кейін облысқа 40070 млн. теңге, оның ішінде білім …

Бюджет толыға түсті Read More »

Газ құбыры қашан тартылады?

Біздің өңірден Парламент Мәжі­лісіне депутат болып сайланған жер­лесіміз Еркебұлан Мәмбетов өңірді газдандыру мәселесін көтерді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық са­уал жолдаған халық қалаулысы Қызылжар өңірін табиғи газбен қамту­ды жеделдетуді ұсынды. Бұл мәсе­ле жиырма жылдан бері көтеріліп келгенімен, Үкімет тарапынан әр-түрлі себеппен қолдау таппағанын айтты. “Президент Қасым-Жомарт То­қаев 2021 жылғы 17 маусымда елі­міздің газ саласын …

Газ құбыры қашан тартылады? Read More »

Сауатты маман – сапалы жұмыс

Мемлекеттің негізгі функция­ларына экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, қоғамдық тәр­тіпті сақтау және адамның, мем­лекеттің қауіпсіздігін қам­тамасыз ету міндеттері жатады. Әлеуметтік функция білім, ғы­лым, денсаулық сақтау, халықты жұ­мыспен қамту, халықтың осал топ­тарын әлеуметтік қорғау, демогра­фиялық саясат және тағы басқа са­лаларды қамтиды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, адам мен мемлекеттің қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету функциясы заңдылықты, құқықтық тәртіпті, еге­мендікті, азаматтардың құқықтары мен …

Сауатты маман – сапалы жұмыс Read More »

ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР

“Amanat” партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Оған мүмкіндігі шектеулі жандар өтініш-тілектерін айта келді. Партия көп жылдан бері “Кедергісіз келешек” жобасын табысты жүзеге асырып жатқаны белгілі. Осындай қоғамдық қабылдаулар арқылы өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажын тыңдап, түйінді мәселелерін шешуге атсалысып жүр. Қоғамдық қабылдауға келгендердің көбін мүгедектік алу мен әлеуметтік осал топ өкілдеріне баспана беру мәселелері …

ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР Read More »