Дүниежүзілік нарықта теңқұқылы әріптес болу үшін, нарықтың ережесі бойынша жұмыс істеу қажет. Халықаралық тәжірибеде экономиканы реттеуге арналған тарифтік, тарифтік емес әдістер бар екені белгілі. Тарифтік әдістер – сан түрлі салықтық тарифтерге байланысты танымал емес әдістер, ол барлық мемлекеттерде бар және экономикаға қолдау көрсету үшін қажет. Ал экономиканы дамыту үшін техникалық реттеу ынталандыру факторы болып табылады, ол экономиканың өсуі мен бәсекелестігін қамтамасыз ететін дүниежүзілік нарықтың даму үрдісі мен қоғамның әлеуметтік басымдықтарын есепке алып, белгілі бір талаптар, нормалар, жағдайлар белгілеуді қарастырады.
Шетелдік экономистердің бағалауы бойынша техникалық реттеу тарифтік реттеуге қарағанда ішкі жалпы өнімнің екі есе өсуін қамтамасыз етеді, технологиялар тез жаңарған сайын өндіріс тиімді, экономика табысты бола түседі.
Техникалық реттеу жүйесін реформалаумен Қазақстанның Кеден одағына қатысуы және алдағы уақытта Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруі еліміздің халықаралық қауымдастыққа енуіне жағдай жасайды, сауда да техникалық кедергілерді болдырмайды.
Техникалық реттеудің үлгісі дегеніміз, бәрінен бұрын, мемлекеттің өнімге және қызмет түрлеріне міндетті талап қоюы.
Кеден одағының техникалық регламенті Қазақстан, Беларусь және Ресей аумағында өнімге, оның өндірісіне, тасымалдануына, сақталуына, қолданылуына, сол сияқты, оның талаптарға сәйкес екендігіне баға беру тәртібіне (бекітуге) талап белгілейтін, міндетті түрде орындалуға тиіс нормативтік-құқықтық акт. Мұндай регламенттеуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – қауіпсіздік мәселесі: ұлттық қауіпсіздік, тұрғындардың денсаулығын және өмірін сақтау, қоршаған ортаны қорғау, алдау тәжірибесін болдырмау.
Қазіргі уақытта Кеден одағы аясында қабылданған 34 техникалық регламенттің 24-і күшіне енді. 2014 жылы Кеден одағының тағы 10 техникалық регламенті қолданысқа енеді. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК-мен бірге кәсіпорындар мен мүдделі жеке және заңды тұлғаларды техникалық реттеу саласында Кеден одағы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізіп жатқан жұмыс туралы тұрақты түрде хабардар етіп отырады.
Көптеген техникалық регламенттеуде сәйкестендіруді бекітудің икемді жүйесі қабылданған. Бүгінгі күнге дейін өнімге қатысты бақылау нарықта жүгіну кезеңінде және техникалық регламенттеудің талаптарына сәйкестігіне байланысты ғана жүзеге асырылады, оның үстіне бұл міндеттерді орындамағандығы үшін жауапкершілік қатайған.
Кәсіпкерлер өнімнің техникалық регламенттеудің міндетті талаптарына сәйкестігі үшін ғана жауап берді. Техникалық регламенттеудің міндетті талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді өткізгені үшін қомақты әкімшілік айыппұл салынды, сондықтан өнім өндірушілер Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына толық сәйкес келетін өнімдерді айналымға шығаруға, ал импорттаушылар өздерінің шетелдік жеткізіп берушілерінен сәйкестік кепілдігін талап етуге тиіс болды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту бойынша түбегейлі шаралар туралы” Жарлығына сәйкес 2014 жылғы 2 сәуірден бастап мемлекеттік органдардың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруіне мораторий жарияланды, оған Жарлықта көрсетілген 5 тармақ қана кірмейді.
Қазақстан Республикасының “Техникалық реттеу туралы” Заңының 3-тарауына сәйкес өндірісті дұрыс ұйымдастыру үшін, біріншіден, кәсіпорында шығарылатын өнімнің сәйкестілігін анықтайтын нормативтік құжат болуға тиіс: өнімді дайындау, қабылдау, таңбалау, тасымалдау, сақтау ережесі бойынша талаптар мазмұндалған МЕМСТАНДАРТ, ҚР СТ, ЖШС СТ.
Егер шығарылатын немесе әкелінетін өнімге Қазақстан Республикасының немесе Кеден одағының техникалық регламенттері қолданылған жағдайда өнім шығарушылар мен импорттаушылар ерікті және міндетті қолдану үшін әрбір техникалық регламенттердің нормативтік құжаттар тізілімі болатындығын ескеруі қажет. Егер өнімнің сипаттамасы көрсеткіштің нақты мазмұнымен сәйкес келсе, үйлестірілген стандарттарда техникалық регламенттердің талабы орындалған деп саналады. Сапасы мен тұтыну жағдайы көрсетілетін өнімнің сәйкестілігін растау үшін стандарттарды таңдау еріктілігі нарықтың қажеттілігі мен оның дамуын есепке алып, жеделділігін қамтамасыз етеді, тек стандарттарды ерікті қолдану, әсіресе, технологияға байланысты сынақтан өткізу әдістеріне қатысты оның талаптарын орындау міндетті емес деп қабылданбауға тиіс.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының есептеу құралдары тізіліміне енгізілген және Қазақстан Республикасының “Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы” Заңының 17-бабына сәйкес ел аумағында қолдану үшін рұқсат етілген құрал-жабдықтар мен өлшем құралдары қажет. Сол сияқты, жоғарыда айтылған Заңның 19-бабына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында өлшем кезінде қолдануға арналмаған өлшем құралдары ерікті түрде калибрлеуге немесе тексеруге ұшырауы мүмкін.
Үшіншіден, шығарылған немесе әкелінген өнімді өткізу үшін кәсіпкерлер өнімге сертификаттау жүргізу немесе өнімді декларациялау арқылы Қазақстан Республикасының және Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына өнімнің сәйкестігін кепілдендіруі тиіс. Сол сияқты өнімнің таңбасында мемлекеттік және орыс тілдерінде техникалық регламенттердің талабына сәйкес тұтынушылар үшін толық және жеткілікті ақпарат болуға тиіс.
Бейбіт ӘБІЛЕВ,
облыстық Техникалық реттеу және метрология департаментінің бөлім басшысы.