«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономика

Ескіні есептен шығарған жөн

Негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтарды есептен шығарудың, тозуын есептеудің өз тәртібі бар. Ұзақ пайдалану салдарынан негізгі құралдар ескірмей тұрмайды. Осы себепті құны кеміп,  материалдық да, материалдық емес те активтерге жатқызылуы мүмкін. Сол кезде оның жалпы сомасы активті пайдаланудың қалдық құнының әрбір кезеңіне, сондай-ақ құнды біркелкі төмендетуге негізделген әдіске негізделіп есептеледі. Тозуды есептеу барысында активтің бастапқы …

Ескіні есептен шығарған жөн Read More »

Зығыр майы сұранысқа ие

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған соңғы Жолдауында экспорттық әлеуетті арттыруға үлкен басымдық берді. Мұның өзі шикізаттың құбылмалы бағасынан сақтанудың кепілі және ұлттық экономиканың сапалы әрі сұранысқа ие тауар өндіру, сонымен бірге сан-салалы қызмет көрсетудің көрсеткіші болып саналады. Осы себепті шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемін 2025 жылға қарай 41 млрд. долларға дейін жеткізу міндеті қойылып отыр. …

Зығыр майы сұранысқа ие Read More »

Орталық Азиядағы ең үлкен сүт кешені

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында болған жұмыс сапары барысында Новоникольское ауылы тұрғындарының жайлы өмір сүру сапасымен танысты. Жаңадан салынған тұрғын үйлерді, мәдени-спорттық нысандарды көкөніс қоймасын аралап көрді. Мұнда орналасқан “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігі жұмысшылар үшін барлық әлеуметтік жағдайды жасап отыр. Балалар-спорт алаңы тұрғызылуда. Жуырда дүкен өз есігін айқара ашты, онда жергілікті өнімдер сатылады. Серіктестіктің …

Орталық Азиядағы ең үлкен сүт кешені Read More »

АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АУҚЫМДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов пен ауыл шаруашы­лығы ми­нистрі Айдарбек Сапа­ровтың қа­тысуымен көктемгі да­ла жұмыс­та­рының барысы жә­не мемлекет­тік қолдау шарала­рын түсіндіруге арналған кеңес өтті. Жиынға мем­лекеттік ор­ган­дар мен қаржы инс­титутта­ры­ның бас­шылары, се­лек­тор­лық ре­жім­де аудан әкім­дері мен ауыл шаруашылығы құ­ры­лымда­ры­ның жетекшілері қа­тысты. Жиын барысында Мемле­кет басшысының тапсырмасы­на сай ауыл шаруашылығы жал­пы өнімі­нің көлемін 2 есеге ұл­ғай­ту және …

АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АУҚЫМДЫ Read More »

ШЫҒЫНҒА БАТҚАН ШАҒЫН БИЗНЕС

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов табиғи апаттан зардап шеккен кәсіпорындарды аралады. Су тасқыны біраз кәсіпкерді шығынға батырғаны рас. Облыс орталығында 127 шағын және орта бизнес субьектісіне залал келсе, Қызылжар ауданында 49 кәсіпкерлік нысан су астында қалған. Облыс орталығындағы Ойқала шағынауданында орналасқан “Великанов” кондитерлік цехы да – шығынға батқан кәсіпкерліктің бірі. Көп жылдан бері жұмыс істеп …

ШЫҒЫНҒА БАТҚАН ШАҒЫН БИЗНЕС Read More »

Диқандар дән себуге кірісті

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов теріскей диқандары көк­темгі егіс науқанына толық дайын екенін мәлімдеді. “Көктемгі дала жұмыстарын қар­жыландыруға 62 млрд. теңге, оның ішінде “Кең дала” бағдарламасы арқылы – 22 млрд., “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” АҚ – 14 млрд., “ҚазАгроҚаржы” АҚ 26 млрд. теңге қарастырған”, – деді Ғауез Торсанұлы. Үкімет басшысына сапалы ты­ңайтқыш өндіру және өнімділікті арттыру жайы …

Диқандар дән себуге кірісті Read More »

АУЫЛҒА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАР ЖЕТКІЗІЛДІ

Өңірге Германия мен Дания корольдігінен асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Сауын сиырлар жаңадан ашылған тауарлы-сүт фермаларына апа­рылған.  Асыл тұқымды ірі қараның алғашқы партиясы – 34 бас голштино-фриз сиыры Қы­зылжар ауданындағы “Моло­дое-агро” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіне жеткізілді. Қазір ірі қара карантинде тұр. Шаруашылық Архангелка елді мекенінің маңында салы­нып жатқан тауарлы-сүт фер­масының құрылысын аяқтап, жақында пайдалануға бермек. Жаңа …

АУЫЛҒА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАР ЖЕТКІЗІЛДІ Read More »

Егін уақытында егілуі тиіс

Өңірде бірер күнде көктемгі егіс науқаны басталады. Қазіргі уақытта диқандар ылғал жабу жұмысын аяқтауға жақын. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, техника  дайын. Шаруалар литрі 250 теңге болатын дизель отынымен қамтамасыз етілді. Өңірге көктемгі дала жұмысына 57,6 мың тонна жанармай қажет. 54,5 мың тоннаға шарт жасалды, операторлар 41,5 мың тоннаны сатып …

Егін уақытында егілуі тиіс Read More »

Табиғи тыңайтқыш

Мамлют ауданы, Меңкесер ауы­лында органикалық тыңайт­қыш шығаратын шағын кәсіпорын жұмысын бастады. Мұнда мал­дың қиы енді қоқысқа төгілмей, пайдаға жаратылмақ. “Мәмбетов және К” жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігі егін егіп, мал өсірумен айналысады. Енді шаруашылық малдың қиын егіншілікте қолданбақ. Жоба – “Ірі қара малдың қиын сепарация­лау” деп аталады. Түліктің қиы азот, фосфор және калий секілді химиялық элементтерге бай. …

Табиғи тыңайтқыш Read More »

Аудандардағы ахуал ала-құла

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің тө­рағалығымен өткен об­лыстық әкімдіктің кезек­ті оты­рысында алғашқы тоқ­сан­ның әлеуметтік-эко­номикалық даму қорытын­дылары шығарыл­ды. Экономика басқармасының бас­шысы Қуанышбек Қалижанов үш айда негізгі салаларда өсімнің тір­келгенін жеткізді. Мал шаруашы­лы­ғы өнімдерінің көлемі – 3,5, сүт – 12,6, жұмыртқа 7,8 пайызға артып, 37,1 млрд. теңгені құраған. Алайда Жамбыл ауданы сүт, Ғабит Мүсі­ре­пов атындағы аудан жұмыртқа өн­ді­ру­ден …

Аудандардағы ахуал ала-құла Read More »

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҰМТЫЛЫС – ЖЕТІСТІКТІҢ БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында алдымызға  біртіндеп  жаңа экономикалық үлгіге өту міндетін қойды. Басты мақсат – шын мәнінде  халықтың тұрмыс сапасын жақсарта отырып, әділдік, инклюзивтік және үнемшілдікті басты бағдарға айналдыру. Осындай  аса маңызды  шақта  зор экономикалық серпіліс жасауға  еліміздің толық мүмкіндігі бар. Президент атап өткендей, Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің  бәсекелік  артықшылықтарын …

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҰМТЫЛЫС – ЖЕТІСТІКТІҢ БАСТАУЫ Read More »

Хорватия елшісімен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Рефик Шабановичпен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.   Жыл басында өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысында  энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салалары бойынша тығыз байланыс орнатуға уағдаласқан болатын. Осылайша екі ел арасындағы әріптестік байланыс  жаңа …

Хорватия елшісімен кездесті Read More »

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым”

 – Ерембек Жәмшитұлы,  сіз облыстық мәслихаттың ең алғашқы хатшысы болғандықтан мойныңызға жаңадан құрылған өкілетті органды қалыптастыру жүгі артылды. Оның  үстіне тоқсаныншы жылдардың орта кезі елдегі жағдай қиын еді. Мәслихаттың жұмысын жүйелеу оңайға түспегені анық. Сол кезеңге шолу жасасақ. – 1994 жылдың наурызында елімізде алғашқы мәслихат сайлауы өтіп, бірінші шақырылымдағы мәслихаттың депутаттар корпусы жасақталды. Облыстық мәслихаттың …

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым” Read More »

БАСТЫ БАҒЫТ – МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  облысқа жұмыс сапарымен келгенде «Қызылжар-Сүт» фермасындағы  сауын цехы мен мал бордақылау алаңы көрсетіліп,  қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды. Мемлекет басшысы Қызылжар өңірінде  мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайтуға мол мүмкіндік бар екеніне тоқтала  келіп,  озық өндірістік жобаларға  міндетті түрде қолдау жасалатынын,  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы  жеңілдікпен несие беру өз тиімділігін көрсеткенін, қаржыландыру …

БАСТЫ БАҒЫТ – МАЛ ТҰҚЫМЫН АСЫЛДАНДЫРУ Read More »

Ескі әдіспен егін егетіндер көп

Облыс орталығында 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын сапалы өткізу туралы семинар-кеңес өтті. Жиынға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, аудан әкімдері, өңір диқандары, ғалымдар мен сала мамандары қатысты. Семинар-кеңесті ашқан облыс әкімі өңірдегі егіс науқанына дайындықтың маңыздылығын атап өтті. Кейін Айдарбек Сейпілұлы елдегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы туралы баяндама жасады. Өз сөзінде министр …

Ескі әдіспен егін егетіндер көп Read More »

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Премьер-Министр Олжас Бектенов Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Премьер-Министр өңірдегі су қоймаларының жай-күйі мен су тасқынына қарсы іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы …

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ Read More »

ӨҢІРДЕ ЕТ ӨНДІРІСІ ТӨМЕН

Өңір басшысы Ғауез Нұр­мұхамбетовтің төраға­лығымен өткен облыстық әкімдік отырысында биылғы екі айдағы әлеумет­тік-экономикалық даму қоры­тындылары, бюджеттің шы­ғыс және кіріс бөлігінің атқа­рылуы қаралды. Бұл жөнінде экономика және қаржы басқармаларының басшы­лары Қуанышбек Қалижанов пен Наталья Дышканттың есептері тың­далды. Алғашқы екі айда облыстың экономикалық өсімі 109,3 пайызды құрап, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 23,5 млрд. теңгеге жеткен. Өнеркәсіпте 91,7 …

ӨҢІРДЕ ЕТ ӨНДІРІСІ ТӨМЕН Read More »

Ашық банкинг тиімді ме?

Отандық қаржы жүйесінің цифрлануы нәтижесінде көп өтпей кез келген тұтынушы смарт-фонындағы бір банк қо­сым­шасы арқылы бірнеше банк­тегі қаржылық жағдайын бақылап отыруға қол жеткізеді. Яғни банк­тің мобильді қосымшасымен жеке каби­нетке кіріп, бірнеше шот­ты бас­қаруға және тұрақты тө­лем мен ауда­рым­дарды жүргізу­ге, қаржылық есеп­тілікті оңтай­лан­дыруға, өзінің кірісі мен шы­ғы­сын талдауға мүмкіндігі бар. Мұндай бастама Ұлттық банк­тің Қаржы нарығын …

Ашық банкинг тиімді ме? Read More »

АУДАНДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР

Есіл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Жиында ауданды дамыту жоспары және өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Жеті ауылдың ішкі, алты елді мекенге кіреберіс жолдың жөнделетіні айтылды, жергілікті атқарушы органдарға бірқатар міндеттер жүктелді. Ғауез Торсанұлы алдымен өт­кен жылдың аяғында қазығы қағылып, биыл мамыр айында іске қосылуы тиіс асфальтбетон зауытының …

АУДАНДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР Read More »

Есептегіш орнату қажет

Петропавлда жеке сек­тор тұрғындары бау-бақшаны суару үшін енді бөлек есептегіш құралын орна­туы керек. Бұл туралы “Қызылжар су” жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктесті­гінің мамандары айтты. “Кәсіпорын 2024 жылы жасыл желектерді суаруға арналған тіршілік көзін пайдалануға жазғы су құбырын қосу туралы шарт же­ке есептеу құралын орнатқан тұ­тынушылармен ғана жасала­ты­нын хабарлайды”, – делінген хабарда. Яғни жеке тұрғын үйде тұ­ратындар бау-бақшасына …

Есептегіш орнату қажет Read More »