АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ
Стратегиялық маңызы зор салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Мемлекет агроөнеркәсіп кешеніне озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүдделі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық реформаларға басымдық беріп, ішкі нарықты халық тұтынатын бірінші қажетті азық-түлікпен, отандық тауарлармен қамтамасыз етудің біртұтас жүйесін айқындады. Осы ретте бүгінгі күні импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін, жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс кешенін …