«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономика

Халық тұтынатын тауарлар қымбат

Солтүстік Қазақстан облысы­ның статистика департаменті өт­кен жыл бойынша өңірдегі инфляция туралы көрсеткіштерді жа­рия­лады. Департамент таратқан деректерге сүйенсек, 2022 жылдың соңында облыстағы инфляция 20,6 пайызды құраған. 2021 жыл­дың желтоқсанында бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болған еді. Инфляция деңгейі халық жиі тұ­тынатын тауарлар мен қызметтер­дің 508 түрінің бағасының өзгеруі­мен анықталады. Оның ішіне азық-түлік тауарлары, азық-түлік емес та­уарлар мен …

Халық тұтынатын тауарлар қымбат Read More »

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР — ӨҢІР ИГІЛІГІ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Жиында биыл өнеркәсіп саласында іске асатын жобалар талқыланғаны жайлы өңір басшысы әлеуметтік желіде жазды. Кейін Петропавл қаласындағы зауыттардың жұмысымен танысты. Айдарбек Сейпілұлы 2023 жылы 11 инвестжобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. – 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 25,4 млрд. теңге инвестиция тартылады. …

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР — ӨҢІР ИГІЛІГІ Read More »

Сергелдеңмен басталып, сәтті аяқталды

Барыс жылы Мамлют ауданындағы Белое ауылдық округінде орналасқан шаруа қожалығының басшысы Ислам Омаров үшін келеңсіздіктермен басталып, облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің араласуымен соңы сәтті аяқталды. Жаз кезінде редакцияға келіп, жергілікті билік өкілдері жұмысына кедергі келтіріп отырғанына шағымданған болатын. Айтуынша, Белое ауылындағы үйінен мал қораға дейінгі және көрші Прогресс елді мекеніндегі жазғы қорасына тартылған электр сымдарын қиып …

Сергелдеңмен басталып, сәтті аяқталды Read More »

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҮШ ЕСЕ АРТТЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Соңғы бес жылда бюджеттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үш есе өскен. Яғни, 2017 жылы 9 млрд. теңге бөлінсе, үстіміздегі жыл 28 млрд. теңге бағытталған. Құрылыс жұмыстарының көлемі де ұлғайып отыр. 1,3 млн. шаршы метр үй салынып, 40 мың …

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҮШ ЕСЕ АРТТЫ Read More »

Талап баршаға ортақ

Өңір шекарашылары шағын және орта бизнес өкілдеріне заңның сақталуын үнемі ескертіп отырады. Кезекті рейдтердің бірінде “Қостанай Метпром” ЖШС-ның жүк тиелген көліктері “Жаңажол” кеден бекетінде тоқтатылып, шекарадан әрі өтуіне тыйым салынған. Болат сынықтарын Ресей Федерациясына өткізумен айналысатын кәсіпорын өкілінде екі тараптың өзара келісімі болған. Дегенмен шекарашылар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің “Қара және түсті металдардың сынықтары …

Талап баршаға ортақ Read More »

Желі тозған, жалақы төмен, маман тапшы

“СевКазЭнерго” АҚ – өңірімізді энергиямен қамтитын, яғни жылу, электр қуатын өндіру, тасымалдау және өткізу ісімен айналысатын ең ірі компаниялардың бірі. Ол бүгінде жарты миллионға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Акционерлік қоғамның еншілес кәсіпорны саналатын “Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату” мекемесі электр қуатын 160 мың тұтынушыға жеткізіп, бұдан бөлек, электр желілері мен қосалқы станцияларға қызмет көрсетумен тікелей …

Желі тозған, жалақы төмен, маман тапшы Read More »

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕГЕН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың аудандарға сапары жалғасуда. Бұл жолы өңір басшысы Мағжан Жұмабаев, Мамлют және Жамбыл аудандарында болып, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, аудан басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Айдарбек Сапаров Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаеводағы “Алтын ұрпақ” атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығына барды. Былтыр ашылған орталықта қазір 152 бала …

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕГЕН Read More »

Шетел нарығындағы отандық шұжық

Президент Қасым-Жомарт То­қаев жақында өткен Үкіметтің кеңей­тіл­ген отырысында еліміздің әлеу­мет­тік-экономикалық даму мәселе­лері бойынша алда тұрған басты мін­деттерді айқындап берді. Оның ішін­де азаматтардың табысын артты­рып, өмір сапасын жақсартуға ай­рық­ша назар аударды. “Қорда­лан­ған мәселелер аз емес. 11 айда эко­но­ми­каның өсімі 4,6 пайыздан 2,7 па­йызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – …

Шетел нарығындағы отандық шұжық Read More »

Шын жүйріктер топ жарды

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен шарада “Алтын сапа” және “Парыз” сыйлықтарының иегерлері ұлықталды. Биыл “Алтын сапа” сыйлығына 281 үміткер өтінім берген. Сарапшылар соның ішінен ірі, орта және шағын бизнес бойынша 14 бизнес нысанын 4 аталым негізінде іріктеп алды. Осы күнге дейін 160-тан астам компания “Алтын сапа” сыйлығының лауреаты атанды. 365 кәсіпорынға “Парыз” сыйлығы табысталды. …

Шын жүйріктер топ жарды Read More »

ҮШ ТАУАРЛЫ-СҮТ ФЕРМАСЫ САЛЫНУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев өзі басшылық етіп отырған ауданның жетістіктері, жүзеге асып жатқан тың жобалар жайлы баяндады. Аудан экономикасының тірегі – ауыл шаруашылығы. Биыл құрғақшылыққа қарамастан, аудан диқандары 144 мың тонна астық жинаған. Өнімділік өткен жылмен салыстырғанда төменірек. Былтыр гектарынан 11 центнерден айналса, биылғы көрсеткіш – 10 центнер. …

ҮШ ТАУАРЛЫ-СҮТ ФЕРМАСЫ САЛЫНУДА Read More »

ЭКОНОМИКАНЫҢ ТИІМДІ БАҒЫТЫ

Облыстың өңдеу өнеркәсібінде соңғы бес жылда кәсіпорындар саны 25 пайызға артқан. Тоқырау жылдары жалпы аумағы 300 мың шаршы метр болатын нысан бос қалса, осы аралықта оның 67 пайызы қайта жаңғырып, жаңа өндіріс орындарына айналған.  Бұл жайында облыс әкімдігінде өткен инвестициялық жобаларға онлайн тур барысында айтылды. Өңірде өңдеу өнеркәсібінің оң өсу қарқыны сақталып отыр. Бұл өңірге …

ЭКОНОМИКАНЫҢ ТИІМДІ БАҒЫТЫ Read More »

ӨРГЕ БАСҚАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ

Облыс орталығына жұмыс сапарымен еліміздің Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев келді. Елордалық мейман Петропавлдағы ірі өндіріс ошақтарында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысының орынбасары Дәурен Жандарбек вице-министрге соңғы жылдары қалада ашылған зауыттардың тынысы туралы айтып берді. Арман Абайұлы аялдаған алғашқы нысан “Радуга” ЖШС-ға тиесілі көкөністер, әлеуметтік және тұрмыстық тауар түрлері сақталатын қойма болды. …

ӨРГЕ БАСҚАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ Read More »