ҮКІМЕТ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА МҮДДЕЛІ
Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келгенін газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Сапар барысында коммуналдық-энергетикалық сектор инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасымен және тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты. Петропавл №2 жылу-электр орталығында болып, жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Үкімет басшысына «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу жайы айтылды. …