«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

АУДАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС

Қызылжар ауданына қарасты 18 ауылда 1546 үй су астында қалған. 1500 отбасы 543 млн. теңге көлемінде біржолғы көмек алды. Қазір барлық зардап шеккен үйлерден су кетті. Тұрғындардың мүлкіне келтірілген залалды бағалау және үйлерді техникалық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Техникалық тексеруді өңірдегі акредиттелген 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мамандары жүргізуде. Сонымен қатар жұмыстың ауқымдылығына, техникалық тексерудің ерекшелігіне …

АУДАНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС Read More »

КӨПСАЙЫСҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ

Спорттың бірнеше түрін біріктірген ерекше жарыс түрі – көпсайыс. Жүгіру мен жүзу спортшының жылдамдығын арттырса, граната лақтыру мен нысана көздеу дәлдікті шыңдайтыны белгілі. Жеке спорт ретінде әрқайсысы бөлек, тіпті кейбірі олимпиадалық бағдарламаға енгізілген. Десе де, соңғы жылдары олар біртұтас спорт ретінде қарастырылып, түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.  Көпсайыстан облыстық команда да жасақталған. Бірнеше спорттың басын қосқан көпсайыс …

КӨПСАЙЫСҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ Read More »

Тасқын судың пайдасы

Петропавл қаласының тұрғыны Тілеуберген Баязитов тасқын сумен күрестің өзіндік жолын ұсынып отыр. Оның әдісін қолдану арқылы көлден электр қуатын да алуға болады. Тілеуберген Баязитовтың ұсынып отырған әдісі – физикаға, соның ішінде гравитация заңына негізделген. Оны іске асыру үшін көп қаражаттың қажеті жоқ. “Тасқынның алдында, мәселен қала маңына бөгеттер салынғанымен су оның үстінен өтіп кетіп, қаншама …

Тасқын судың пайдасы Read More »

Мәжбүрлеу шараларының ықпалы зор

Заңды күшіне енген сот акті­лері, өкімдері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі талаптары, тапсырмалары, шақырулары, басқа да өтініштері  Қазақстан Республикасының бүкіл аума­ғын­да барлық жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар үшін орындалуға  міндетті. Осы талаптар орындалмаған жағ­дай­да сот процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Процестік мәжбүрлеу ша­ралары құқық бұзушылықтар­дың алдын алу, жолын кесу жә­не …

Мәжбүрлеу шараларының ықпалы зор Read More »

АҚҚАЙЫҢДАҒЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов Аққайың ауданына жа­саған жұмыс сапары кезінде өңі­ріміздегі үлгілі ауыл – Полтавка елді мекенінде болды. Жергі­лікті диқан Елтай Зікірин ауыл­ды көркейтуге бар күш-жігерін салуда. “Полтавское” серіктес­тігі өз қаржысына балабақша, фельдшерлік-акушерлік пункт пен жұмысшыларына арнап үйлер тұрғызған. “Ақбөпе” бала­бақ­шасы екі жыл бұрын салын­ған. Бүгінде мұнда 34 бала тә­лім-тәрбие алып жатыр. Бала­бақшаның жанында орта …

АҚҚАЙЫҢДАҒЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛ Read More »

Оқыған адам озады

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің “Оқу жайы” атты мақаласында “Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенін көріп тұрамыз” деп жазады. Алаш арыстары жастардың заманға сай білім алып, озық ойлы болуын армандады. Осы жолда талай зиялыларымыз тер төгіп, бар ғұмырын білім …

Оқыған адам озады Read More »

Табиғат жанашырлары

Облыстық балалар мен жас­өс­пірімдер шығармашылығы ор­талығында жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің облыстық форумы өтті. Шараға 3 ауданның және облыс орталы­ғының мектеп оқушылары қа­тыс­ты. Байқау “Жасыл ел”, “Эко­театр”, “Эко-Болашақ”, “Green oa­ses”, “Қызыл кітап”, “Құстар­дың үздік үйшігі” сияқты 6 ата­лым бойынша өтті. Форумның мақсаты – жастарды табиғатқа жанашыр болуға баулып, эколо­гиялық мәдениетті нығайту. Ша­раға қатысушы командалар фо­румға …

Табиғат жанашырлары Read More »

ЖАЗУШЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

Кез келген мемле­кет­ті ұйыстыратын бірінші фактор – ортақ тарих. Тарихын терең таныған, өткеннен тағылым алған ел ғана ертеңге нық қадам ба­сып, іргелі мемлекетке айнала алады. Осы орайда Тәуелсіздігін баянды ету жолына бет түзеген қазақ халқының да тарихтың “ақтаңдарын” ашып қарап, өт­кенге үңілгені маңызды. Ұлты­мыздың кейінгі бірнеше ғасыр бойғы тарихының негізі баба­ларымыздың азаттық жолын­дағы күресінен тұрады. …

ЖАЗУШЫМЕН ЖҮЗДЕСУ Read More »

Алтын — Алтынбекте

Алматыда қазақ күресінен Қазақстан кубогы үшін жарыс өтуде. Биылғы боз кілем бәсекесіне 17 облыс пен 3 қаладан 406 балуан қатысып жатыр. Өңір намысын “Қызылжар арландары” клубының мүшелері қорғауда. Жарыстың бірінші күнінде 100 келіде жерлесіміз Алтынбек Аусағитов Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ол финалда Шымкент қаласының өкілі Ерсұлтан Мұзаппаровтан айласын асырып, алтын медальді қанжығасына байлады. Үздік үштікке …

Алтын — Алтынбекте Read More »

“ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ТАЛҚЫЛАУ — ӨЗ МӘСЕЛЕМІЗДІ ҰМЫТТЫРАДЫ”

Бүгінгі қоғамның келбеті жайлы сөз қозғалғанда түрлі пікірлер айтылады. Сынаушылар да бар, үмітпен қараушылар да көп. Себебі қазіргідей аумалы-төкпелі заманның құндылығы қым-қиғаш. Осының әсерінен болар біздің қоғамды түрлі мәселелер толғандырады. Оларға жауап табу да қиын. Өңірімізге белгілі клиникалық психолог, “Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығының басшысы Резеда Баймұхаметовамен жанымызды ауыртқан кейбір жайттар жайлы сұхбаттасқан едік. …

“ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ТАЛҚЫЛАУ — ӨЗ МӘСЕЛЕМІЗДІ ҰМЫТТЫРАДЫ” Read More »

ЗАЛАЛ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ

Өңірімізге жұмыс сапары­мен “Атамекен” ұлттық кәсіп­керлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ти­мур Нақыпбеков пен Ұлттық экономика министрлігі депар­та­ментінің директоры Нұрбол Жаңабеков келді. Олар Петро­павлда су тасқыны салдары­нан бизнес субъектілеріне кел­тірілген залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияның отыры­сына қатысты.  Петропавлдағы Косогор ша­ғын­­­ауданында жеке кәсіпкер Лю­бовь Афанасованың “Наш” дү­ке­­ні орналасқан. Жарты жыл­дан соң зейнет демалысына шыға­тын қала тұрғыны су …

ЗАЛАЛ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ Read More »

Қалпына келтіру жұмыстары — журналистер назарында

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов БАҚ қызметкер­лерімен бірге облыс орталығын аралап, журналистерді тас­қыннан кейінгі зардаптарды жою, шеткері аудандар­дан су сору, жаңа үйлердің құрылыс жұмыстарымен таныс­тырды. Баспасөз туры тұрғындар үшін 500 үй бой көтеретін “Солнечный-2” шағынауданы­нан басталды. Мұндағы алғашқы 100 үй салынып жа­тыр. Құрылысты маусым айын­да аяқтау жоспарланған. “Зерт­теу СК”, “Основание”, “ADA Групп”, “Петроремстрой” сын­ды жалпы саны …

Қалпына келтіру жұмыстары — журналистер назарында Read More »

Педагогтарды жаңаша аттестаттау

Биыл аттестаттаудан өткен мұғалімдерге біліктілік санат­тары беріледі және соған сай ең­бекақысына үстемеақы қосыла­ды. Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігінің педагог­тарды аттестаттаудан өткізу қа­ғи­далары мен шарттарын бекі­ту туралы бұйрық жобасы жа­рия­ланды. Құжатта ЖОО-дан кейін автоматты түрде берілетін “пе­дагог” санаты үшін тестілеу нә­ти­жесі, біліктілік санатын мер­зімінен беру тәртібі алынып тас­талды. Мүгедектігі бар адам­дарға көмекші тағайындау тура­лы шарттармен толықтырылды. …

Педагогтарды жаңаша аттестаттау Read More »

Көшет отырғызу – көптің ісі

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай биыл өңір­де 6,3 мың гектар аумаққа 39 млн.-ға жуық көшет отырғызу жоспарланған. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасының мәліметін­ше, өңірдің орман қоры 549,5 мың гектар аумақты алып жатыр, оның 415,5 мың гектары – ор­манды алқап. Өңірімізде 20 мың гектар аумаққа 100 млн. жасыл желек отырғызылуы керек. “2021-2025 жылдарға арнал­ған …

Көшет отырғызу – көптің ісі Read More »

Генерал атағы берілді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні қарсаңында “Жоғары әскери жә­не арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы” Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлық негізінде Солтүстік Қазақстан облыстық по­лиция департамен­тінің бас­тығы Айдын Қабдұлди­новке по­ли­ция генерал-майоры арнайы атағы берілді. Ақордада өткен сал­танатты жиынға қатысқан Мем­лекет басшысы Отан қорғау­шы­лардың еліміздегі ынтымақ пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын …

Генерал атағы берілді Read More »

“Елін сүйген нар тұлға еді”

Өңірімізде жыр алыбы Жамбылдың атымен аталатын ауданды атақты Қожаберген жырау, сөз зергерлері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов туғаннан болар, жергілікті жұртшылық “Ұлылар мекені” деп қастерлейді. Сондай киелі топы­рақта дүниеге келген ардақты азамат, көзі тірісінде 20-ға жуық кітап жазған рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтің туғанына 12 мамыр күні 70 жыл толады. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы зайыбы …

“Елін сүйген нар тұлға еді” Read More »

“Екінші орын — мен үшін жеңіспен тең”

Жақында Петропавлда қазақ күресінен “Қызылжар барысы” облыстық турнирі өткен болатын. Дәстүрлі жарысқа өңір аудандары мен облыс орталығынан барлығы 32 балуан қа­тысты. Сайыс ережесіне сәйкес, бұл сынның финалына шыққан екі спорт­шы елордада ұйым­дастырылатын “Қазақстан барысы” додасында өңір намысын қорғауға мүмкіндік ала­­ды. Биыл бәсекенің республикалық кезеңіне қатысу жолдамасын Ал­тын­бек Аусағитов пен Әділет Мырзаш иеленді. Соңғысы алғаш рет …

“Екінші орын — мен үшін жеңіспен тең” Read More »

МЕНІҢ АТАМ — БАТЫР АДАМ

Бала күнімізде Жеңіс күні мерекесі жақындаса, біздің үйге мектеп ұстаздары мен оқушылар ағылатын. Олар соғыс майдангері болған атама құрмет көрсетіп, Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері жайында сұрайтын. Сол уақытта ерлігін елі бағалаған майдангердің немересі болғаныма мақтанатынмын. Әскери саланы таңдауыма да “ерлігі елге мұра” болған атамның тәрбиесі себеп болды. Ұлы Отан соғысының ардагері, атам – Сейполла …

МЕНІҢ АТАМ — БАТЫР АДАМ Read More »

АУДАНДАР КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқала, Былғары зауыты шағынаудандары мен Тепличное ауылында болып, үйлерін су басқан тұрғындармен кездесті. Жиында халыққа баспана алу және жөндеу жүргізу ережелері бойынша түсініктемелер берілді. Бүгінде бұл аумақтарда та­за­лау жұмыстары басталып кеткен. Ғауез Торсанұлы жедел штабтарға соғып, қалпына кел­тіру жұмыстарымен танысты. Ау­дан әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарларының есебі тыңдалды. Баяндамалардан белгілі бол­ғандай, …

АУДАНДАР КӨМЕККЕ КЕЛДІ Read More »

ҮЙІН СУ БАСҚАНДАРҒА — ЖАЙЛЫ БАСПАНА

Өңірге жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басқан шағынаудандарды аралап, жергілікті жерде зардап шеккендерге жасалып жатқан жағдаймен,  үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Министр алдымен “Alageum Electric” компаниясының Петропавл электротехникалық зауытына соқты. Кәсіпорын 2021 жылы ашылған,  биыл 11 млрд. теңгенің өнімін ішкі және сыртқы нарыққа …

ҮЙІН СУ БАСҚАНДАРҒА — ЖАЙЛЫ БАСПАНА Read More »