Тәжірибе алмасты
Ақжар және Уәлиханов аудандарындағы оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында “Өрлеу” “Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтымен” бірлесе отырып, “4 және 9 сынып оқушыларының білім сапасын бақылау мен мониторинг жүйесі” тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарда 2023 жылғы білім алушылардың жетістіктерінің мониторингі кезінде анықталған “орындалуы қиын” тақырыптарға ерекше назар аударылды. …