«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Қолқаны қапқан иістен қашан құтыламыз?

Күн жылына Петропавл қа­ласы­на жағымсыз иіс тарайды. Қа­ла сыр­тындағы биотоғаннан тарап жат­қан иістен сол маңдағы тұр­ғын­дар зар­дап шегеді. Желдің бағы­ты өзгерген кезде қа­ла­ның бірнеше ауданда­рына жайылады. Жақында экологтар био­тоғанда болып, арнайы өл­шеу аппаратын іске қосты. Облыстық экология де­партаментінің бөлім басшысы Да­мир Жұмабаев арнайы құралғыда микрограмма 8-ді көрсетіп тұрғанын айтты. Бұл – норма. Күкіртті сутегі көр­сеткіші …

Қолқаны қапқан иістен қашан құтыламыз? Read More »

АУЫЛҒА БАРҒАНДАРҒА АРТЫҚ ТӨЛЕНЕДІ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелер қаралды. Әсіресе өңіріміздің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы мен медициналық кадр тапшылығын шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Облыстық экономика басқармасының башысы Қуанышбек Қалижанов кешенді жоспар аясында 87 іс-шараны жүзеге асыру көзделгенін айтты. Оның жалпы құны – 1,8 трлн. теңге. Өткен жылы …

АУЫЛҒА БАРҒАНДАРҒА АРТЫҚ ТӨЛЕНЕДІ Read More »

Дұрыс таңдау

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты болудың бір сыры. Әр адам қабілет-қарымы мен қызығушылығына қарай мамандық игерсе, өмірден өз орнын табады. Үлкендердің жастарға “мамандықты жүрек қалауымен таңда” деген ақылды жиі айтатыны да сондықтан. Осы сөздің астарын түсініп, мәнін ұққандардың бірі – Жәнібек Машанов. Мектепті тамамдаған соң өзін түрлі салада сынап көрген ол “Жол активтерінің” Ұлттық сапа …

Дұрыс таңдау Read More »

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 2005 жылдан бастап енгізілді. Бұл төлем зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға тағайындалады. Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап тағайындау әдістемесі өзгеріп, оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты есептелетін болды. 2023 жылға дейін мемлекеттік базалық зейнетақы …

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР Read More »

Ескі мен жаңаның үйлесімі

Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев тұрғындарды шаһардың дизайн-кодын әзірлеуге белсене қатысуға шақырды. Биыл қаланың ерекшелігін көрсететін дизайн-кодты жасауға бюджеттен 81 млн. теңге бөлінбек. “Сәуірдің 19-ы күні елордада өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңеске қатыстым. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың сыртқы кейпіне тоқталды. Петропавл – шағын, өзіне тән жылы атмосферасы, тарихы мен …

Ескі мен жаңаның үйлесімі Read More »

БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙ

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фестиваль өтті. Шарада өңірімізде бір үйдің балаларындай тату-тәтті тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің тағамдары, салт-дәстүрлері көрсетіліп, концерттік бағдарлама қойылды. Біздің еліміз – көпэтносты мем­ле­кет. Жүзден астам ұлыстың қа­ра­шаңырағына айналған Қазақстанды әлем жұртшылығы бірлігі бекем, тір­лігі көркем ел ретінде үлгі тұтады. Фестиваль барысында …

БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙ Read More »

МАҚСАТ — ЕУРОКУБОК ЖАРЫСТАРЫНА ЖОЛДАМА АЛУ

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде “Қызылжар” топ бастап келеді. Алты турдың қорытындысы бойынша жерлестеріміздің қоржынында 18 ұпай бар. Ел кубогының 1/8 финалында да жергілікті аяқдопшылар жеңіске жетті. Өткен маусымда Конференция лигасында өнер көрсеткен жерлестеріміз чемпионатта шаршаңқы ойнағаны белгілі. Екі жарыста қатар үздік нәтиже көрсету қиын, сондықтан биылғы трансферлік ауыс-түйіс кезінде клубқа жаңа ойыншылар қосылды. …

МАҚСАТ — ЕУРОКУБОК ЖАРЫСТАРЫНА ЖОЛДАМА АЛУ Read More »

Табыстың жартысы — тамаққа

Ұлттық статистика бюросы об­лыстық департаменті тұрғындар­дың былтырғы шығысын зерттеп, халықтың жан басына шаққандағы айлық орташа шығысы 88,9 мың теңге болғанын анықтады. Халықтың ай сайынғы ақшалай шығысы 2021 жылмен салыстыр­ғанда 16,1 пайызға артқан. Тұрғын­дар табысының негізгі бөлігін, яғни 89,5 пайызын тұтыну шығындары құ­рай­ды. Қалғанын тұрғындар мате­риалдық көмекке, алимент, несие мен қарызды өтеуге, салық­тарды төлеуге жұмсаған. Отбасылық …

Табыстың жартысы — тамаққа Read More »

Тайыншадағы жағымсыз иіс

Өңірімізде экологиялық ахуал тұрақты болғанымен, кей­бір мәсе­ле­лерді бақылауда ұс­тау аса ма­ңызды. Облыстық эко­логия департа­менті­нің басшысы Азамат Бек­тасов жұ­мыс сапарымен Тайынша ауда­нына барып, жергілікті тұрғын­дар­мен кездесті. Кездесу бары­сында тұрғындардың наразылы­ғын ту­дыр­ған бірқатар мәселелер тал­қыланды. Бүгінгі күні өңірде қатты тұр­мыс­тық қалдықтарға арналған 453 орын бар, оның 59-ы Тайынша ау­данының аумағында орналасқан. Бұл полигондардың барлығында рұқ­сат құжаттары бар. …

Тайыншадағы жағымсыз иіс Read More »

Студенттер жатақханасы қыркүйек айында пайдалануға беріледі

Петропавлда қызмет көрсету са­ласы колледжінің студенттеріне арналған жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Іргесі өткен жылдың мамыр айында қаланған ғимарат биыл қол­данысқа тапсырылмақшы. Жатақхана тоғыз қабаттан тұра­ды, 244 орынға шақталған. Бүгінде ны­сандағы құрылыс жұмыстары 60 па­йызға орындалды. Қазіргі уақытта ғи­мараттың шатыры мен өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатына арналған арнайы сатылар орнатылуда. Мердігер “Пилон” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Оксана Грибанова …

Студенттер жатақханасы қыркүйек айында пайдалануға беріледі Read More »

Даңғойлықты доғару керек

Облыстық перинаталдық орталықтың маңайы күн сайын у-шу болып жатады. Бұл маңнан түрлі шарлармен, гүлдермен безендірілген көліктер ағыны бір толастаған емес. Бірі қызды болғандарына қуанса, екіншісі атұстарының дүниеге келгеніне шаттанып, шампан атады. Әрине, өмірге шекесі торсықтай ұл, қызғалдақтай қыз әкеліп жатқан аналардың көбейгені бізді де қуан­тады. “Пәленше кестетігерлі, түген­ше немерелі болыпты” деген қуа­нышты жаңалықты естігенде жаның …

Даңғойлықты доғару керек Read More »

МӘУЕЛІ БӘЙТЕРЕК

Мен кішкентайымнан атам мен әжемнің бауырында өстім. Кеш қарайып, үйдегілер ұйқыға кеткенде әжем маған ертегілер, батырлар жырын оқып беретін. “Баяғы өткен заманда бір бай болыпты”, – деп басталатын әңгіменің қалай аяқталатынын тағатсыздана тосатын едім. Кейде әжем ертегінің соңын айтпай, қалай бітетінін менен сұрайтын. Мен қиялыма ерік беріп, оқиғаның шарықтау шегін, түйінін өз ойымнан құрастыратынмын. Мектептегі …

МӘУЕЛІ БӘЙТЕРЕК Read More »

Көші-қонды қолдаудың жол картасы әзірленді

Биыл облысқа жұмыс күші ар­тық өңірлерден 2660 адамды және 138 қандасты көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық жұмыс­пен қамтуды үйлестiру және әлеу­меттiк бағдарламалар басқарма­сының басшысы Ринат Елжасов өңірлік коммуникациялар қызметі де өткен баспасөз мәслихатында айтты. Сондай-ақ азаматтардың же­келеген санаттарына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Былтыр квотаға сәйкес өңірімізге 2556 адам немесе 681 …

Көші-қонды қолдаудың жол картасы әзірленді Read More »

ЫНТЫМАҒЫ БАРДЫҢ ЫРЫСЫ МОЛ

Заман қанша құбылып, небір қиындықтарын алға тосса да, жаңа өзгерістерге ұмтылып, ұлы уақыт кө­шіне жұтылып кетпей келе жатқан құтты қоныстың бірі – Мектеп ауылы. Түкпірдегі елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени ты­ныс-тіршілігімен жан-жақты танысып қайтуыма бірден-бір себепкер бол­ған – осы елдің тумасы, қадірменді ақ­сақал Әлім Төлебаев. “Алдындағы ма­лымен, жүрген ескі заңымен, не екенін білмеймін, сол ауылды сүйе­мін”, …

ЫНТЫМАҒЫ БАРДЫҢ ЫРЫСЫ МОЛ Read More »

АПАТТЫҢ СЕБЕБІ – ЕРЕЖЕНІ ЕЛЕМЕУ

Адам өмірі кілт үзіліп, денсау­лығына залал келетін жайттардың бірі – жол апаты. Үстіміздегі жылдың үш айында өңірімізде 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 3 адам қаза тауып, 65-і жарақат алды. Өткен жылдың сәйкес кезе­ңінде 11 адам қаза тауып, 50-і жарақаттаныпты. Өңірлік коммуника­ция қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жайы …

АПАТТЫҢ СЕБЕБІ – ЕРЕЖЕНІ ЕЛЕМЕУ Read More »

ҚАЗАҚ АУА РАЙЫН ҚАЛАЙ БОЛЖАҒАН?

“Қарап отырсақ, бабаларымыз табиғат құбылыстарын тамыршыдай дөп басып, астро­но­мия ғылымына да жетік болғанын аңғарамыз. Алайда қазақ күнтізбесіндегі ай амалдары жайлы жиі естігенмен, жастар түгілі үлкендердің өзі олардың мән-мағынасын жете біле бермейді. Сә­уірдің аяғында республикамыздың біраз өңірлерінде қалың қар жауып, жұртшылық табиғаттың құбылмалы мінезіне “бесқонақ”, “отамалы” деп баға беріп жатты. Бұл нені білдіреді?” – деп сұрақ …

ҚАЗАҚ АУА РАЙЫН ҚАЛАЙ БОЛЖАҒАН? Read More »

Үш күдікті қамалды

Облыстық прокуратура­ның қылмыстық қудалау жө­ніндегі басқармасының бас­ты­­ғы Ғани Жалби мен аға прокурор Максим Доровиктің қатысуымен өт­кен брифингте “Ха­лық кеңесі” деп аталатын топ­тың үш бел­сендісінің қа­мауға алынғаны бел­гілі болды. Ғани Жалби биыл наурыз айын­да “Халық кеңесі” тобы қатысушы­ларының облыс орталығындағы кол­ледждердің бірінде жиын өткізгені жайлы ақпарат әлеуметтік желілер­де таралып, Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің жергілікті де­партаменті сепаратизм фактісі …

Үш күдікті қамалды Read More »

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ

Президент Қасым-Жомарт То­қаев халыққа арнаған Жолдауында азаматтарымыз­дың құқықтарын қорғаудағы жүргізіліп жатқан ре­формалардың маңызын атап өтті. Осыған орай сот шешім­де­рі­нің са­пасын арттыруға, бірың­ғай сот тә­жірибесін орнықтыруды қам­тама­сыз етуге, сондай-ақ дау­лар­ды ше­шудің ерекше тетігі ре­тінде әкімші­лік әділет құрылымын ен­гізуге тап­сырмалар берді. Бұл ба­ғыт­тағы со­ны жаңалықтардың бірі – соттарда татуластыру институтта­ры­ның құ­рылуы бүгінде өзін-өзі ақ­та­ған тә­жірибе ретінде берік …

ЕКІ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ Read More »

Жас кәсіпкерлер қолдауға ие

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның облыстық филиалы жеңілдетілген несие беру үшін өті­ніштерді қабылдап жатыр. Осы күнге дейін өңір жастарынан 16 өтініш түсіп, алғашқылары мақұлданды. Несие жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 5 жыл толмаған, 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға бе­ріледі. Сомасы 5 млн. теңгеге дейін несие мал шаруашылығына – 7 жыл­ға, басқа кәсіп түрлеріне 5 жылға дейінгі …

Жас кәсіпкерлер қолдауға ие Read More »

Ауылға ауызсу жетті

Мамлют ауданындағы Белое ауылының тұрғындары отыз жылдан астам ауызсудан тарықты. Жазда – көлдің, қыста қардың суын ішуге мәжбүр болды. Осы жылдар аралығында елімізде елді мекендерді ауызсумен қамтуға арналған түрлі бағдарламалар жүзеге асса да, белоелықтар оның бірінің шарапатын көрген жоқ. Түрлі қолдаудан құр қалған тұрғындардың судың жайын айтып бармаған жері, қақпаған есігі жоқ. Редакциямызға хат жолдап, …

Ауылға ауызсу жетті Read More »