«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АСЫЛ АНА” – БАЛАЛАРҒА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқу жылы аяқталғанына қарамастан, облыс орталығындағы №2 орта мектептің мәжіліс залы әсем безендіріліп, сахнасының шымылдығы түріліп, әннен шашу шашылды. Бұл сән-салтанатқа толы іс-шараның ұйымдастырушысы – асырауында балалары бар жалғызілікті мүгедек аналардың “Асыл Ана” қоғамдық бірлестігі. “Ештен кеш жақсы” демекші, қоғамдық бірлестік осылайша балаларды Халықаралық балалар күні мерекесімен құттықтады.

Қатал тағдырға мойымай, қиындықта бір-біріне сүйеу бола білген мүмкіндігі шектеулі аналардың қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл – 18 жыл. Бір шаңырақ астында тағдырлары ұқсас 70-ке жуық нәзік жандарды топтастыра білген қоғамдық бірлестіктің төрайымы Теңдік Сәрсекееваның іскерлігінің арқасында балалар мерекесі жыл сайын аталып өтеді. Әдеттегідей оларға концерттік бағдарлама көрсетіліп, тәтті-дәмділер ұсынылады.  

Петропавл қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек Айгүл Қасмақасова – жалғызбасты ана. Жалғыз өзі қызын оқытып, жеткізіп, қияға да қондырды. Ол қоғамдық бірлестіктің аналарға көмегі мол екенін айтады. Бірлестік мұндай отбасындағы оқушылардың жоғары оқу орнына түсуіне жәрдемдесіп келеді. Азық-түлікпен де көмектеседі.

Ұйым материалдық жағынан ғана демеп қоймай, рухани тұрғыдан да өмірдің қиын жағдайына тап болған аналарға қол ұшын созуға әрдайым дайын.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp