«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮЛЕКТЕР ЕМТИХАНЫНЫҢ ТҮЙТКІЛІ КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандағы білім беру саласын дамыту, оның ішінде ҰБТ-ның болашағын айқындап, бұл ретте кездесіп отырған проблемаларды шешу – қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан Қазақстан Коммунистік халық партиясының өңірлік филиалының ұйытқы болуымен аталмыш мәселе төңірегінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырылып, оған партиялық ұйымдардың мүшелері мен білім саласының мамандары шақырылды. Басқосудың мақсаты – түйткілді мәселенің шешімін табу жолында қоғам белсенділерінің ой-пікірлерін тыңдап, сонда айтылған ұсыныстарды Парламентке жолдау.

Екі сағатқа созылған басқосуда көпшілік еліміздегі білім беру жүйесіне, әсіресе, ҰБТ-ның ұйымдастырылу деңгейіне үлкен сын айтты. Әсіресе, жас жеткіншектердің мемлекеттік емтиханға дайындық барысында мінез-құлықтары өзгеретініне, ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсету үшін білім беру мекемелері мен ұстаздар 9-сыныптан кейін оқушыларға іріктеу жүргізетіндігі сияқты мәселелер өткір талқыланды. “Жалпы білім беру жүйесін жетілдіру үшін не істеуіміз керек?” деген сауал төңірегінде айтылған ұсыныстар көп болды. Жиналғандардың арасында ҰБТ жүйесін мүлде алып тастап, бұрынғы кеңестік дәуірдің тәсіліне көшуіміз керек деп ұсыныс білдіргендер де болды.  

 (Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp