«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰЛБҰЛ МЕН ТЕМІРЛАН ЕРЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматы қаласындағы “Қазақ-концерт” залында 2-6 маусым күндері вокал, хореография және аспаптық музыка аталымдары бойынша республикалық “Күншуақ” байқауы өтті. Әр аталым бойынша жасына қарай ең үздік үш солист және ең үздік үш ұжым анықталды. Сайысқа еліміздің 300-ден астам оқушысы қатысты. Дәстүрлі өнер додасында облысымыздың намысын қорғаған Уәлиханов ауданындағы өнер мектебінің шәкірттері жеңіспен оралды.

“Вокал” аталымы бойынша өнер сайысына түскен Бұлбұл Халман “Домбыра туралы баллада” және “Толғау” әндерін нақышына келтіре орындап, қазылар алқасының ұйғарымымен Гран приді жеңіп алды. Ал “Домбыра” аталымы бойынша ересек топтың ішінде Темірлан Жүнісбеков Құрманғазының “Кішкентай” және Нұрғиса Тілендиевтің “Жекпе-жек” күйлерін шертіп, бірінші орынды қанжығасына байлады. Бұл – шәкірттерін осындай сынақтардан сүрінбей өтуге баулыған аталмыш өнер мектебінің ұстаздары Әлия Садығұлова мен Данагүл Шәкенованың да жеңісі.  

Тоғжан ӘМРИНА,

журналист.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp