«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮКІЛІ ҮМІТІМІЗ – ДИНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дина Диярат – болашағынан зор үміт күттіретін балауса балғындарымыздың бірі. Ол көктемде Петропавл қаласында өткен “Аялаған Астана – 2015” телевизиялық байқауының іріктеу шарасына қатысып, екінші орынды иеленген еді. Облыстың жас өнерпаздары қатысқан бұл байқау талапты үміткерге аса қиындық тудырған жоқ. Үлкен сынақ – алда. Дина облысымыздың атынан аталмыш байқаудың республикалық кезеңіне қатысқалы отыр.

Дина Диярат – Кішкенекөл №1 орта мектебінің 5-сынып оқушысы. Ол – 2013-2014 оқу жылындағы Абай оқуларының “Көңілім әнді ұғады” байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы, Семей қаласында өткен республикалық Абай оқуларының “Үздік орындаушы” аталымының иегері. Енді, міне, эстрадалық поп орындаушылардың “Аялаған Астана – 2015” республикалық телевизиялық байқауының үміткері. Бұл өнер додасы осы жылдың 4-6 шілде күндері “Қазақстан” ұлттық телеарнасы арқылы тікелей эфирде өткізіледі. Облысымыздың атын шығарып, намысын қорғайтын әнші қызымыз Дина Дияратты баршамыз sms дауыс беру арқылы қолдап, жеңіске жігерлендірейік.

Динара ЖОЛДЫБАЕВА,

Кішкенекөл №1 орта мектебі директорының орынбасары.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp