«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛАР ДА ЖҰМЫСҚА ЗӘРУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарды жұмыспен қамту – өзекті мәселелердің бірі. Оларды еңбекке араластыру тәрбие ғана емес, мемлекет бюджетіне түсетін салмақты да азайтады.

Соңғы жылдары мемлекет түзеу мекемелерінде құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды заңнамаларды қабылдады. Бұл өзгерістер жазасын өтеушілерді қоғамнан оқшау болса да, әлеуметтік бейімделуге үйретеді. Мәселен, 2012 жылдан бері жергілікті “Щеголев” жеке кәсіпкерлігі Петропавл қаласында орналасқан “ЕС-164/6” мекемесінің бір ғимаратын жалға алып, шағын тігін цехын ашты. Бүгінгі таңда жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектердің еңбекке жарамдылары жұмыспен қамтылып, жөке тоқумен, қолғап, шекпен, автокөліктерге арналған қауіпсіздік белдігін тігумен айналысады. Дайын болған өнімдерді жеке кәсіпкер еліміз бойынша сатылымға шығаруда. Сондай-ақ, аталмыш түзеу мекемесінде “Еңбек-Қызылжар” республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы да тігін цехын ашты. Бұл жерде жазасын өтеушілер арнайы киімдерді тігумен айналысады. Жазғы уақытта кұрылыс тобы жасақталып, олар мекеменің жатақханаларына, өзге де нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Түзеу мекемесінде кәсіптік колледж жұмыс істейді. Жазасын өтеушілер тігінші, сылақшы, кірпіш қалаушы, қаптаушы мамандықтары бойынша білім алуда.  

Түзеу мекемесінің аумағында жылыжай және наубайхана сияқты өндірістік орындар ашуға болады. Егер де жеке кәсіпкерлер мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді пайдаланса, сотталғандардың барлығы жұмыспен қамтылар еді.

Алексей НАЗАРОВ,

“ЕС-164/6” РММ сотталғандардың еңбегін

ұйымдастыру инспекторы,

 әділет аға лейтенанты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp