«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭТНОСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жаңадан тағайындалған аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Астрид Турс келді. Кездесу барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов шетелдік қонаққа өңіріміз туралы айтып, елді дамытуға сүбелі үлес қосуы тиіс Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойылған міндеттерге тоқталды.

Елімізге аталмыш қоғамдық институттың 20 жылдығына арналған конференцияға келгенін атап өткен Астрид Турс осыған дейін оңтүстік өңірлерді араласа, бұл жолы біздегі этнобірлестіктердің жағдайымен танысуды жөн көрген. Олардың атқарып жатқан жұмыстарына қызығушылық танытқан аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссар мәдениетті ақпаратқа қолжетімділік, бұқаралық ақпарат құралдарымен, білім саласымен, қоғаммен байланыс болмаса, қалыпты даму мүмкін емес деген ойын жеткізді.  

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

  Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp