«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛПЫС КҮН ЖҮКСАЛҒЫШТА ҰСТАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан екі ай бұрын Павлодар – Жезқазған тасжолында жоғалып кеткен “КамАЗ” жүргізушісі Виктор Оленбург аман-есен Петропавлдан табылды. Оны осынша уақыт бойы күдіктілер көліктің жүксалғышында ұстаған.

Павлодарлық жігіт 22 қазан күні Жезқазған қаласынан жүк тиеп, Қарағандыға бет алған бойы хабар-ошарсыз кеткен. 27 қазан күні қарағандылық полицейлер Теміртау қаласының маңында жүк көлігін тапқанымен, онда жүк, яғни мыс та, жүргізуші де болмай шыққан.

Іздестіру шараларын жүргізген Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің уәкілдеріне біздің өңіріміздің полицейлері көмек берді. В. Оленбургтың жоғалуына күдікті ретінде ұсталған Петропавл қаласының екі тұрғыны өз айыптарын мойындап, жоғалған азаматтың қайда екендігін айтқан. Осылайша жергілікті тәртіп сақшылары облыс орталығындағы гараждардың бірінен Викторды көліктің жүк салғышынан тапты. Жәбірленуші әбден әлсіреген, халі ауыр, бірақ туыстары оның дін аман табылғанына қуанышты.  

Ал 18 тонна мысты қолды қылып, 12 миллион теңгеге сатқан қарақшылар ақшаны тең бөліп алғанын мойындады. Бүгінгі күні күдіктілер Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің тергеу оқшаулағышында отыр.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp