«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сот жүйесі жұмысындағы басым бағыт” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Аталмыш соттың судьясы Дамир Омаров “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан сот жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды. Судьялыққа кандидаттарды іріктеу талаптарының күшейгендігін, 5 жылдық тәжірибенің болуын, үміткердің кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілеу жүйесін енгізудің дұрыстығын жиналғандар бірауыздан құптады. Судьялардың жаңа Әдеп кодексі бойынша да бірқатар мағлұмат берілді.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары жемқорлықтың алдын алу бағытында ел деңгейінде және облысымызда атқарылып жатқан іс-шаралар, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басымдықтары туралы айтып берді. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытындағы жаңашылдық, 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі мен еңбек төлемінің факторлық-балдық жүйесіне көшудің ерекшеліктері сөз болды.

Динара ТӨЛЕҢҒҰТОВА,

облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp