«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ШАШТАРАЗДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бескөлдік жас жұбайлар Евгений мен Вероника Лиценбергтер үшін үйлену тойына жасалған сыйлық жұмыс істеп тұрған шаштараз болыпты. Әу бастан олар жиырма шаршы метрлік бөлмеге орналасқан шаштараз отбасылық табыс көзі болатынына сенген. Өйткені, шаш – адам көркі. Әдемі болып жүргісі келетіндер көп. Евгений Александрович жеке кәсіпкерліктің басшысы ретінде қимыл танытса, шаруашылықты жүргізу міндеті Виктория Евгеньевнаға жүктелген.

Өткен жылы олар “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша 1,5 миллион теңге несие алып, жұмыс бөлмесіне күрделі жөндеу жүргізіп, ішін қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаздарға толтырып, көңілдері орныққан. Жаңаша жұмыс істей бастағаннан бері тұрақты клиенттердің қатары толыға түсуде.  

– Бұл мемлекеттік бағдарлама өте тиімді. Оның жылдық сыйақы мөлшерлемесі, құжаттардың шектеулілігі, алғашқы 1,5 жыл бойы қарыз қайтарымының аздығы біз сияқты кәсіпкерлер үшін өте қолайлы. Бүгінде табыс болған соң қарызды көбірек жабуға тырысып жатырмыз. Ондағы мақсат – аталмыш бағдарламаның екінші тетігін пайдаланып, көбірек несие алу. Ол қаржымен кәсібімізді кеңейтпек ойымыз бар, – дейді Евгений Лиценберг.

Шаштараз ауылдың төрт тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Жұмысқа деген ынта мен қызығушылықты аттыру үшін әр шебер тұтынушы қызметі төлемінің 50 пайызын өзіне қалдырады. Бәсекелестерге қарағанда мұнда қызмет көрсету бағасы төмен.

Бескөл ауылының өзінде осы іспен айналысатын он шақты кәсіпкер бар. Клиенттерді өзімізге тарту үшін бөлмедегі жақсы психологиялық ахуалдан бастап, қызметтің түрлерін сапалы да жан-жақты дамытуды көздейміз, – дейді Виктория Евгеньевна.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp