«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТЫН ОРНЫНА – САБАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Раисовка ауылында жаңа орталық қазандықтың ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі Владимир Дудов, ауыл тұрғындары мен ардагерлер қатысты.

Бұл жылу беру нысанына он миллион теңгеден артық қаржы жұмсалыпты. Мектеп жанында орналасқан ғимаратқа өрт сөндіру депосы да енген. Жаңа қазандықтың қуаты – бес жүз ватт, жылыту көлемі – бес мың шаршы метр. Оның 3300-і мектеп ғимаратына кетеді. Польшада шығарылған сабанмен жанатын қазандық 40 мың еуроға сатып алынған. Оған шаруашылықта тайланған зығыр сабаны пайдаланылады. Егіс алқабынан әкелуге кететін жанармай шығыны болмаса, зығыр сабаны агроқұрылымда мүлдем қолданылмайтын.

– Бүгінгі күні мектеп, балабақша, асхана ғимараттары жаңа жылу беру жүйесіне қосылды. Бірнеше тұрғын үй мен кеңсені қосу жұмыстары жүріп жатыр,– дейді “Раисовское” ЖШС-нің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Владимир Коваленко.  

Суық, аязды күндері тәулігіне шикізаттың жиырма бумасы, жылы күндері екі сағатқа сабанның бір бумасы ғана кетеді екен. Жұмыс механикаландырылған, жаңа қазандықта екі от жағушы жұмыс істейді. Қазандық заманауи түтінсүзгішпен жабдықталған, қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Серіктестік басшысы алдағы уақытта тағы да бір қазандық ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Әлия ҚАБДОЛЛАҚЫЗЫ,

журналист.

  Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp