«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЛЕШЕГІМІЗДІ КӨЗДЕГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында еліміздің болашағын жасайтын жастарды ешқашан естен шығарған емес. Олардың сапалы білім мен тәрбие алуына, мамандық таңдауына, Отанымыздың патриоты болуына ерекше көңіл бөліп келеді.

Биылғы Жолдаудың да сондай екендігіне құжатпен мұқият танысқан кезімізде көзіміз жетті. Білім және денсаулық сақтау салаларымен бірге біз сияқты студенттердің де шәкіртақысы жаңа жылдан бастап өскелі отыр. Осының өзін Мемлекет басшысы тарапынан өскелең ұрпаққа жасалып отырған шынайы қамқорлық деп білгеніміз жөн.

Жолдауда Тұңғыш Президентіміз біз сияқты жастарға: “Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда”, – деді. Осы жолдарды оқи отырып, өзімнің мамандық таңдауда қателеспегенімді түсіндім. Ендігі мақсат – жоғары оқу орнының талабына сай білім алып, Абай атамыз айтқандай, “дүниеге кірпіш болып қалану”. Ол үшін елімізде барлық жағдай жасалған. Тек соны орынды пайдалана білуіміз керек.  

Елімізде ғана емес, өз облысымызда да арманымызға жету үшін үлгі алар тұлғалар аз емес. Тек соларға ұқсап бағып, алға қойған мақсатымызға жету жолында аянбай еңбектенейік, тер төгейік дегім келеді.

Индира ҚАБДІЛМӘЖИТОВА,

М.Қозыбаев атындағы

СҚМУ-дің инженерлік-техникалық факультетінің

1-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp