«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАТТЫ ТРАКТОРЛАР ҚҰРАСТЫРАМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауылдың қара домалақ баласы болғаннан соң темір-терсекке кішкентайымнан үйір болдым. Техниканың тілін жақсы білетіндердің қасынан бір елі шыққан емеспін. Осылайша, бозбала шағымда түрлі көліктердің құрылысын жете меңгердім. Бүгінде мен облыс орталығындағы трактор зауытында слесарь-құрастырушымын. Еңбек өтілім бір жыл ғана, дегенмен, жауапкершілігімнің, зауыттағы әріптестерімнің қолдауының арқасында үшінші дәрежелі құрастырушы деген біліктілікке қол жеткіздім.

Зауытымызда “Батыр” маркалы тракторлар құрастырамыз. “Батырдың” қозғалтқыштары Ресейден тасымалданса, оның рамасын, капотын, кабинасын және тағы басқа бөлшектерін жасау – біздің міндетіміз.

Мен отандық трактордың жекелеген бөлшектерін жасауға үлес қосып жүргенімді әрдайым мақтан етемін. Өйткені, елімізде теңдесі жоқ мұндай бірегей техника бізде ғана шығарылады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда біз бұл тракторларға осы-заманғы егіс кешенін жасаудамыз.

Өңірде ресейлік инвесторлармен бірлесіп қолға алынған кәсіпорынның тракторлары былтырғы күзгі орақ науқанына қатысып, сынақтан сәтті өтті. Содан бері кәсіпорынның өнімдеріне шаруалар тарапынан сұраныс артты. Сол себепті біз де жұмысымызды жеделдеттік. Техниканың сапалы, қуатты және жылдам болуы үшін оның әр бөлшегін мұқият құраймыз. Біздің трактордың тағы бір артықшылығы – тырнауыш, сырғыш сияқты кез келген ауыл шаруашылығы тіркемелерімен жұмыс істей алады. Мен отандық трактордың жекелеген бөлшектерін жасауға үлес қосып жүргенімді әрдайым мақтан етемін. Өйткені, елімізде теңдесі жоқ мұндай бірегей техника бізде ғана шығарылады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда біз бұл тракторларға осызаманғы егіс кешенін жасаудамыз.

Кәсіпорнымызда 100-ге жуық адам қызмет етуде. Барлығы да еңбекқор жандар. Әрдайым бір-бірімізге білмегенімізді үйретіп жүреміз. Жалақымыз 80 мыңның үстінде. “Еңбектің наны тәтті” демекші, адал қызметімізбен алған еңбекақымыздың берекесін көріп жүрміз.

Ғабит ӘЛІБАЕВ,

“Петропавл трактор зауыты” ЖШС-нің

слесарь-құрастырушысы.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp