«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Төлеген Дәстемұлы Қабдөшев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Төлеген Қабдөшев Солтүстік Қазақстан облысы Ленин (қазіргі Есіл) ауданының Явленка ауылында дүниеге келген. Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы және несие, құқықтану бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Петропавл қаласы бойынша салық инспекциясы кәсіпкерлік қызметке салық салу бөлімінің инспекторы қызметінен бастаған. Салық қызметі органдарындағы қызмет жолында кәсіби өсудің барлық сатыларынан өтті. Ол бас инспектор, бөлім секторының меңгерушісі, облыстық департаментте түрлі бөлімдер мен басқармалардың басшысы болып жұмыс істеді, 2005-2009 жылдары облыстық салық қызметінің аудандық бөлімшелерінің басшысы, 2009 жылдың наурызынан 2014 жылға дейін облыстық салық департаменті басшысының орынбасары, ал 2014 жылы қайта құрылғаннан кейін – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

Төлеген Қадөшев 25 жыл мінсіз жұмысы үшін “Салық қызметінің үздігі”, “Қаржы қызметінің үздігі”, “Үздік мемлекеттік қызметші” төсбелгілерімен, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл” және “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” мерейтойлық медальдарымен, 2018 жылы “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp