«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұмыр басты пенденің бір-бірінен абыройын асырып, маңдайын жарқырататын бір-ақ нәрсе бар. Ол – еңбек. Өңірімізде құрылысшы, дәнекерлеуші, автомеханик, электр шебері сияқты жұмысшы мамандықтарды меңгерген азаматтарға деген құрметтің жыл санап өсуі соның айқын дәлелі.

Арман Сағитов – заман талабын жете түсініп, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдаған жерлесіміздің бірі. Петропавл қаласындағы темір жол колледжіне оқуға түсіп, жүрек қалауымен электр механигі мамандығын меңгерді. Бүгінгі күні ол ”С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ның үздік жұмысшыларының қатарын толықтырып отыр. Оның еселі еңбегі еленіп, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp