«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚЫ КӨПСАЙЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласында қысқы президенттік көпсайыстан облыс біріншілігі өтті. “Солтүстік – 2019” қысқы спорттық мерекесі аясында ұйымдастырылған сайысқа 200-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс бағдарламасы бойынша қатысушылар күштік гимнастика, пневматикалық қарудан нысана көздеу және шаңғы тебуден сынға түсті. Төрт күнге созылған спорттық шараның қорытындысы бойынша Тайынша ауданының намысын қорғаған команда біріншіліктің жеңімпазы атанды. Шалақындықтар екінші болса, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның өкілдері үшінші орынға табан тіреді.

Біріншіліктің бас төрешісі Валерий Самохваловтың айтуынша, үздік атанған спортшылар биылғы жылдың ақпан айында Орал қаласында қысқы президенттік көпсайыстан өтетін жастар ойындарында өңір намысын қорғайды.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp