«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫРНАҚАЛДЫ ТУЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“DIGITAL ҰРПАҚ” оқушылар сарайы жанындағы “Толағай” балалар театры қызылжарлықтарды тұңғыш спектаклімен қуантты. Жерлес ақын Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасын “Білім – инновация” мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары сахналады.

Спектакльдің желісі қарапайым болғанымен, трагедияға толы. Абылай ханның батырларының бірі – Баянның 15 жастағы інісі Ноян қалмақ қызына ғашық болады. Бозбала атажұртын тастап, қыздың еліне қашады. Баянға сатқын інісін өлтіруден басқа амал қалмайды. Қайғы жұтқан батыр кейін жоңғар шабуылының бірінде қаза табады. Басты рөлді сомдаған Даниял Ережепов – “Білім – инновация” мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы. Ол болашақта өмірін театрмен байланыстырмақ.

“Толағай” балалар театрының құрамында алпыс шақты оқушы бар. Бұл жолы олардың жартысынан астамы алғаш рет көрермен алдына шығып, өнер көрсетті. Театр режиссёрі Дәурен Тойбазаровтың айтуынша, жасөспірімдер көп дайындалған.

Спектакльді тамашалауға келгендер жас өнерпаздардың еңбегін жоғары бағалады. Өнерпаздар “Батыр Баян” спектаклін Петропавлдың оқу орындарында қоюды жоспарлап отыр.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp