«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР САЯБАҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ирина Тухватулинаның айтуынша, биыл өңір жастарына жан-жақты қолдау білдірілмек.

– Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жасыл қала – жасыл ауыл” жобасын қолдаймыз. Осы орайда, биылғы жаздың соңында Петропавл қаласында және әрбір ауданда жастар саябақтарын ашу жоспарланған. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы әскери-патриоттық бағытта “Әскердегі бір күн” жобасын жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Бұл бастама жастарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыруға зор септігін тигізеді деген сенімдемін, – деді басқарма басшысы.

Баяндамашының айтуынша, биыл облыс орталығында алғашқы рет “Ivent” республикалық инновациялық жобасы, кибер-спорттан өңірлік турнир, жұмысшы мамандықтар бойынша байқаулар және “Жастар керуені” лагері өткізілмек. Әсіресе, соңғысының шалғай елді мекендерде еңбек етіп жатқан жас мамандар үшін маңызы зор.

Ал ойы ұшқыр жастардың жаңашыл идеяларын қолдауға арналған “Zhasproject” жобасы биыл да өз жалғасын таппақ. Өткен жылы жоба ұйымдастырушылары өңір жастарын қолдауға 118 млн. теңге инвестиция бағыттаған. Осылайша, 200-ден астам солтүстікқазақстандық өрен стартап-жобасын қорғаса, оның 67-сі шәкіртақымен және гранттармен қаржыландырылған. Қаржылық қолдаудың арқасында облыста 16 спорт клубы, 12 білім беру және 9 демалыс орталығы, 7 ет және сүт өндірісі кәсіпорны, тігін шеберханасы, құс фабрикасы және шиншилла фермасы ашылды.

Бүгіндері өңірімізде жастардың әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін “Жүз нақты қадам – жастарға” жол картасы жасалған. 9 бағыт және 100 тармақтан тұратын картаның арқасында екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастарды жұмыспен қамту, пікірсайысшылар мен еріктілер қозғалысына демеу беру сияқты мәселелер өз шешімін табатын болады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp