«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫР АТЛЕТТЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында ауыр атлетикадан халықаралық турнир өтті. Жарыста әлемнің бірнеше елінен келген 200-ге жуық спортшы бақ сынасты. 

Еліміздің намысын 60 ауыр атлет қорғады. Солардың ішінде бес жерлесіміз бар. Олар – облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат-колледждің оқушылары. 

Бұл доданың қорытындысы бойынша өңіріміздің спортшылары сенімді ақтап, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, қыздар арасында Алина Колиушко 49 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынды. Ал Карина Молжігітова 64 килограммға дейінгі салмақта күміс медальді қанжығасына байлады. Ер балалар арасындағы бәсекеде Александр Шпехт 55 кг-ға дейінгі сында екінші орынға ие болды. Сондай-ақ, Денис Полубаяринов пен Жанәлі Тұяқов 61 және 109 кг-ға дейін қола медальдардың иегерлері атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, бағалы сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

Сурет http://today.kz сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp