«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСПАНА – БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru


Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыс пен қала басшылығы, басқарма жетекшілерінің қатысуымен “Азаматтарды бірыңғай қабылдау” күні өтті. 

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қабылдауына келген жалғызбасты ана Балқия Тұрсынәлиева баспана тауқыметін тартып жүргенін жеткізді. Айтуынша, 14 жылдан бері пәтер кезегінде тұр. Облыстық психоневрологиялық диспансерде медбике болып жұмыс істейтін ол үш баласымен жалдамалы пәтерде күн күнелтіп жүр. Тапқан табысынан ай сайын 45 мың теңге пәтерақысын төлейтін ана жергілікті биліктен көмек сұрай келген. Пәтер кезегі таяп қалса да, тағаты таусылған келіншекке өңір басшысы Құмар Ақсақалов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев Петропавл қаласындағы ведомствоға қарасты тұрғын үйден орын қарастыруға уәде етті. 

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Петропавл қаласындағы Интернациональная 4, көшесінде көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, төтенше жағдай салдарынан үш пәтерге зақым келген. Пәтер иелерінің бірі – Александр Морев қираған баспананы қалпына келтірген қалалық әкімдіктің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Айтуынша, жөндеу жұмыстары талапқа сай емес. Мүмкіндігі шектеулі азамат қазір отбасымен әркімнің үйінде күн күнелтіп жүргеніне күйінеді.
Бұл күні облыс әкімінің қабылдауына келген адамдардың басым көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, баспана мәселелерін ортаға салды. Жалпы, азаматтарды бірыңғай қабылдау күніне 100-ден астам адам қатысты.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp