«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылығы колледжінде болашақ ветеринарлық санитарларға арналған арнайы оқу дәрістері өтуде. Оған барлығы 60-тан астам маман қатысуда. 

Оның басты мақсаты – бұл салада еңбек етуге қызығушылық танытқан адамдардың білікті мамандар болып қалыптасуына септігін тигізу және өңірдегі ветеринарлық санитарлар тапшылығын алдын алу. 

2014 жылдан бері аталмыш оқу орнында болашақта өздерінің өмірін ветеринариямен байланыстырғысы келетін адамдарды оқыту жүргізіледі. Осы уақыттың ішінде 80-ге жуық жас оқуды бітіріп, маман атанды. Қазіргі уақытта олардың барлығы да жергілікті ветеринарлық бекеттерде еңбек етеді. Дегенмен, өңірімізде әлі де аталған сала мамандарының тапшылығы бар.
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжановтың айтуынша, аудандық ветеринарлық бекеттерде жұмыс істейтін қызметкерлердің саны шектеулі ғана. Бұл мәселенің шешімін табу мақсатында осы мекемелер колледжбен келісімшарт жасап, өздерінің қаражаты есебінен санитарлық ветеринарларға арналған дәрістердің ақысын төлейді.
Дәрістер барысында оқытушылар қатысушыларға малдың денсаулығын тексеруді, оған екпе егуді және басқа да ветеринарлар білуі қажет маңызды қағидаларды үйретеді.
– Мұндағы дәрістер теориялық және зертханалық түрде оқыту кабинеттерінде, ветеринарлық клиникада және фермада өтуде. Дәрісханалар барлық қажетті құралдармен, қондырғылармен жабдықталған, – дейді Татьяна Дмитрик.
Дәрістердің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілетін болады.

 

petropavltv.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp