«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРСІН — ЖАПОНИЯ ЧЕМПИОНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақ сумошысы Ерсін Балта­ғұл сумодан жастар арасындағы Жапония чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы “Қазақстан ба­ры­сы” даму қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев “Instagram” желісіндегі парақшасында жазды.

“Сүйінші, Қазақ елі! Біздің бауырымыз Ерсін Балтағұл сумодан жастар арасында Жапонияның чемпионы атағын жеңіп алды. Ерсін төрт жылдан бері Токиода білім алып жатыр. Оның күрестегі мансабына ықпал еткені үшін Асашери Акинори есімді моңғол бауырымызға көп рақмет”, – деп жазды Арман Шораев.
Қазақ спортшысы қазір 22 жаста. Күншығыс еліне ол 2016 жылы 18 жасында кеткен. Сонда 12-сыныпты бітіріп, Нихон универси­тетіне түскен.
Қазақ спортшысы бұған дейін дзюдомен айналысқан. Бойы екі метр, салмағы 160 килограмм.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp