«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

JAŃALYQTAR

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Олимпиадаға үш жолдама

Велоспорттан Қазақстан командасы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына үш жолдама жеңіп алды.
Әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанға үш квота тиесілі. Рейтингте қазақстандық спортшылар 3259,35 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтаған. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша бұл нәтиже арқылы төртжылдықтың додасына үш спортшыны жіберуге мүмкіндік бар. Біздің команда топтық сынға соңғы рет 2004 жылы қатысқан.

ДЭВИС КУБОГЫ

Испанияның бас шаhары – Мадридте теннистен Дэвис кубогы жолындағы жарыс басталды. 24 қарашаға дейін созылатын айтулы жарыста әлемнің ең үздік 18 командасы бақ сынайды.
Байрақты бәсекеде Қазақ­станның намысын Александр Буб­лик, Михаил Кукушкин, Алек­сандр Недовесов және Андрей Голубев қорғауда. Биылғы жылдан бастап Дэвис кубогы жаңа форматта өтеді. Алты топқа бөлінген 18 команданың арасынан үздік шыққан сегізі ширек финалға жолдама алады.
Жарыстың бірінші күні отан­дас­та­рымыз Нидерланды елінің командасымен кездесті. Алғашқы матчта Ботик ван де Зандсхульппен бақ сынасқан Михаил Кукушкин екі сетте де қарсыласынан басым түсті. 1 сағат 5 минутқа созылған ойын қорытындысында отандасымыз 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал Александр Бублик “қызғалдақтар” елінің бірінші ракеткасы Робин Хасейге қарсы кортқа шықты. Өкінішке қарай, тартысты өткен матчта Бублик қарсыласына 5:7, 6:3, 6:7 нәтиже­сімен есе жіберді. Жұптық ойында Кукушкин мен Бублик қарсыластарын 6:4,7:6 есебімен ұтты. Осылайша, Қазақстан құрамасы Нидерландыны 2:1 есебімен жеңді.
21 қараша күні қазақстандық теннисшілер Ұлыбританиядан келген қарсыластарымен кездеседі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp