«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗИЯТКЕРЛІК ДОДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамы облыстық филиалының мұрындық болуымен Петропавл қаласында осы мекеме және екінші деңгейдегі банктер арасында “Brain Game” зияткерлік ойыны өтті. Бұл шара мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін тоғыз команданың басын біріктірді. 

Бес раундтан өткізілген сайыс барысында қатысушыларға қаржы тарихы, валюталар және банктер туралы сұрақтар қойылды.

Қызықты деңгейде ұйымдастырылған доданың қорытындысында бірінші орын “Банк ЦентрКредит” АҚ-ның Петропавл қаласындағы филиалының “Центровые” атты командасына бұйырды. “Альфа банк” және “Жусан банк” акционерлік қоғамдарының жергілікті филиалдарынан құралған “Фидель Кастро атындағы” команда екінші, ал “Нұрбанк” АҚ-ның облыс орталығындағы филиалының “EBITDA”-сы үшінші орынды қанағат тұтты.
Осы шара аясында “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Мереке Сыздықов зияткерлік ойынның қатысушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда маңызы зор екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар ол биылғы жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда белсенділігімен көзге түскен қаржы институттарының үздік қызметкерлері мен инженерлерді Алғыс хаттармен марапаттады.

 

qzmedia.kz,
https://qzmedia.kz
сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp