«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘУЛІК БОЙҒЫ КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Астана көшесі, 39 мекенжайында­ғы бесқабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Сол кезде “Апаттар медицинасы орталығы” облыстық филиалының мамандары дер кезінде жетіп, үйдің ішіндегі ер адамды қызыл жалыннан құтқарып қалды.

Жолда тыныс алуы қиындай түскен ер адамға фельдшерлер дер кезінде көмек көрсетіп, №3 қалалық ауруханаға жеткізді.
Бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Апаттар медицина­сы орталығы” облыстық филиа­лының мамандары жол-көлік оқиғасы, өрт, су тасқыны, тағы басқа төтенше жағдайлар кезінде жүздеген адамның өмірін құтқарды. Филиалда білікті, тәжірибесі мол медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Күн сайын олар адамның жүрегі тоқтап қалғанда, бір жері сынғанда, басқа да жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйрететін жаттығу жұмыстарына қатысады. Оның үстіне шараларына мектеп оқушылары мен ересектерге оқыс оқиға кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді де үйретеді.
Тайынша ауданындағы Келле­ровка ауылында орналасқан жолдағы жедел құтқару орталығы “Апаттар медицинасы орталығы” облыстық филиалының құрамы­на кіреді. Онда жол-көлік апатына ұшыраған азаматтарға тәулік бойы медициналық көмек көрсетіледі.

Талғат ЖАНТІЛЕСОВ,
“Апаттар медицинасы орталығы” облыстық филиалының фельдшері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp