«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ “ЖҰЛДЫЗЫНА” АЙНАЛҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен аптада Қызылжар ауданындағы Якорь ауылдық округінің әкімі Қайырболат Чехмановтың мас күйде қызметтік көлікті басқарғаны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқылан­ған болатын. Ол рөлге ие бола алмай қалып, ауылдағы үйлердің бірінің қорша­уына соғылған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің мамандары мәселенің мән-жайын анықтауда.

Қайырболат Чехманов бұл қызметке бір жыл бұрын ғана кірісіпті. Осыған дейін денсаулығына байланысты бірнеше рет қызметтен кетпек болғанымен, кадр тапшылығына орай өтініші қабылданбай келген. Аудандық әкімдік мамандарының айтуынша, жазба тарағаннан кейін екінші күні ол жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініш жазған. 16 қараша күні қол қойылып, әкім ресми түрде қызметінен босатылған.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Руслан Жұмағұловтың айтуынша, осы мәселеге қатысты аудандық әкімдікке, ішкі істер бөліміне және медициналық ұйымдарға сұрау салынған. “Құзырлы органдардан ресми жауап әлі түскен жоқ. Ал облыстық полиция департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр. Барлық жайттарды ескеріп, алдағы уақытта шара қабылданатын болады”, – деді ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp