«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 2, 2021

ЖҰҚТЫРҒАНДАР АЗ

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта иммун тапшылығы вирусын жұқтырған 1238 адам тіркеуде тұр. Соның ішінде 13 бала бар.

АУРУДЫҢ ЕМІ – ЕКПЕ

Өңірде 4 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін алды. Соның ішінде екі мыңнан астамы толық вакциналаудан өтті. Бүгінде «Спутник V» вакцинасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мұғалімдерге салынуда. Санитарлық дәрігерлер аурудың емі екпе екенін айтады. Сондықтан ақ халаттылар тұрғындарды екпе алудан бас тартпауға шақыруда.

ҚҰСТАРҒА ЖАНАШЫР

Өңірдің мектеп оқушылары қанатты достары – құстарға үйшік жасау байқауына атсалысты. Халықаралық құстар күніне орай өткізілген шарада “Қоғамдық келісім” мекемесінің өкілдері талапкерлер ішінен үздіктерді анықтады.

ӘСЕРЛІ ТУЫНДЫ

Биыл елімізде балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жарияланды. Осыған орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында кішкентай оқырмандардың кітап оқу мәдениеті мен белсенділігін арттыру мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді. Қазір рухани ордада «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтуде.

СӘУІР ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ

Синоптиктер сәуір айындағы ауа райы құбылмалы болатынын ескертеді. Күн жылынғанымен, алдағы айда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде. Орташа ауа температурасы +4,+6 градусты құрамақ. Болжаған синотиктер, ауа ткмпературасының біртіндеп жылынатынын айтады.

ТУҒАН АУЫЛҒА ТАРТУ

Ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Айсары ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді.

Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі эпидемиялық ахуал жайында айтты. Жағдай бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Атқарушы органдардың жұмысына азаматтарымыздың көңілі толмайды.