«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заманауи сүт фермасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Астық-Привольный” ЖШС-і мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де тұрақты түрде айналысады. Жыл басында Германиядан симменталь тұқымды 160 бас ірі қара әкелінсе, жуырда табынға тағы 98 бас қосылды. Қалған 320 бас тамыз айында сатып алынады.

Бауыржан Тасмағанбетов жетекші­лік ететін серіктестікте 114 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 85 мың теңгеге жуық. Бүгінде шаруашылық көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындықты бастап кеткен. 6566 гектар алқапқа дәнді, оның ішінде 422 гектарға майлы, 1609 гектарға мал азығы дақылдарын себу белгіленген. 19 трактор, 25 сеялка, тағы басқа техникалар сақадай-сай.

“Ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі 11336 гектарды құраса, 2379 гектары – жайылым. Қазір бағымда 185 ірі қара бар. Сауын сиырлардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз”, – дейді Бауыржан Иманбайұлы.

Шаруашылық өткен жылы 640 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасын салуды бастаған. Оған бағытталған инвестиция мөлшері – 1,7 млрд. теңге. Бас мердігер “Зерттеу СК” ЖШС-і кешенді қоңыр күзде пайдалануға бермек. Құрал-жабдықтарды жеткізумен “Вестфалия Қазақстан” фирмасы айналысады. Жуырда Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі Ағзам Тастеміров құрылыс барысымен танысып қайтты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp