«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық тәрбие қайнары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Атаның өсиетін көкейіне тоқып, ананың асыл қа­сиет­терін бойына сіңіріп өскен ұр­пақ өмірден өз орнын табары заңды. Ондай көргенді бала ешқашан қор болмайды. Сол үшін тал бесіктен бастап ұлт­тық тәрбиеге бейімдеу әр ата-ананың өмірлік парызы деп ой­лаймын. Бала әке-шешенің жү­ріс-тұрысына, сөйлеген сөзіне, күнделікті іс-әрекетіне қарап ой да, бой да түзейді.

Шәкірттерімнің ой-өрісін кеңей­ту мақсатымен “Менің өмірімдегі ұлттық салт-дәстүр” атты шағын эссе байқауын ұйымдастырдым. Олар ата-аналарының, әжелерінің айтуымен дүние есігін ашқаннан өткізілетін әдет-ғұрыптарға байла­нысты, ұлттық рәсімдер жайлы бі­раз ақпараттар мен суреттер алып келіпті. Бұл арада әр дәстүрдің ерекшелігін жіті танып, адам өмі­рімен тығыз байланысты екенін тү­сінгені мені қуантты. Ең мазмұнды және жақсы эссе ретінде 5-сынып оқушысы Диас Мутышевтың еңбегі таңдап алынып, “Bilim orkeniet” ұлт­тық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған “Қа­зақстан Республикасының дарын­ды оқушыларының “Алтын кітабы” республикалық байқауына жібе­рілді. Қазылар алқасының шешімі­мен эссе “Республиканың да­рын­ды оқушыларының “Алтын кітап” жинағына қабылданды.

Әр қазақ отбасы ұлттық құнды­лықтарымызды осылай жете баға­лап, салт-дәстүрлерімізді тәр­бие­нің алтын діңгегіне айналдыра бе­руіне тілектеспін.

Бақтыгүл НҰРТАЗИНА,

№7 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp