«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛДІКТІҢ ЕРЕН ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2017 жыл Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев­тың ел­дің үшінші жаңғыруына және саяси реформаға жол аш­қан бағ­дарламалық мәлімдемесімен басталған болатын. Ай­тулы жыл­дың ең елеулі оқиғасы – Қазақстанда “ЭКСПО – 2017” ха­лық­­а­ра­лық көрмесінің сәтті өткізілуі болды. Біздің елі­­­міз әлем­дік дең­гей­дегі бұл ірі шараны ұйымдастыру және өт­кізу құқығын жеңіп алған алғашқы посткеңестік мемле­кет атан­ды. Қазақстан үш ай бойы баламалы энергия көздерін та­­буға қа­тысты әлем ға­лымдарының тәжірибесін бір көр­меде тоғыс­т­ырды. Әлем на­зарын өзіне аударған Астана­да­ғы “ЭКСПО-2017” халықаралық көр­месін 4 миллионға жуық адам тамаша­лаған. 115 мемлекет­тің павильоны жұмыс істеп, 22 халықаралық ұйым қатысты.

Айтулы жылдағы айшықты оқи­ғаның бірі – 28-ші қысқы Уни­версиада ойындары. Елімізде ұйымдастырылған шараға 57 елден 1621 спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медаль же­ңіп алып, жалпыкомандалық есеп­те екінші орынға тұрақтады.

Қазақстан Азия тобы мемле­кет­терінің атынан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Елімізде қазақ әліпбиін латын графикасы­на ауыстырудың басталуы, үштіл­ділікті дамыту бағдарламасы (қазақ, орыс және ағылшын тілде­рін білу) және “Цифрлық Қазақ­стан” жобасы қолға алынды. Эко­номикалық дағдарыс салдарын еңсеруге қатысты қиындықтарға қарамастан, Қазақстан тәуелсіз дамудың 26-шы жылында эконо­микада, ішкі және сыртқы сая­сатта, қауіпсіздікті нығайтуда өсім мен оң өзгерістерге қол жеткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақа­ласы жылдың басты жаңалығына айналды. Соның негізінде ауқым­ды мәдени жобалар жүзеге асы­рылды. Қазақстан тек саяси шара­ларды өткізіп қана қоймай, мәде­ни тұрғыда да атын әлемге әйгі­леді. Мәселен, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың “Singer 2017” ән байқауына қаты­сып, екінші орын жеңіп алды. Отандасымыздың арқасында шетелдік жанкүйерлер Қазақ­станды жақынырақ тани түсті. Жас әнші Данэлия Төлешова үшін де 2017 жыл сәтті болды. Ол Украинаның “Голос. Дiти” байқа­уы­ның бас жүлдесін жеңіп алды. Барды бағалай білу, елге ерен еңбегімен һәм ерлігімен танылған тұлғаларды әспеттеу, олардың есімдерін халық санасына сіңіру мақсатында жалпыхалықтық да­уыс беру арқылы “Қазақстан­ның 100 жаңа есімі” жобасының же­ңімпаздары анықталды.

Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын, “Нұрлы жол”, “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламалары мен экономи­калық және әлеуметтік тұрақты­лықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды жү­зе­ге асыру нәтижесінде 2017 жы­лы облыс жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2,3 пайызға өсіп, 510,6 млрд. теңгені құрады. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сыртқы сауда айна­лымы 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында 14,5 млн. АҚШ дол­ларына өсіп, 50,4 млн. долларға тең болды. Майлы дақылдар алқабы 40 пайызға кеңейтіліп, 715 мың гектарды құрады. Біздің ди­қандар гектарынан орташа есеп­пен 18,2 центнерден, ал жалпы көлемі 5,6 млн. тонна астық жи­нады. Мұндай нәтижеге соңғы бес жылда алғаш рет қол жеткізілді. Еңбек өнімділігін арттыру және шығындарды азайту ауыл шаруа­шы­лығын цифрландыру дәуірінде қол жеткізілуі тиіс негізгі екі көр­сеткіш болып табылады. “Агро­Стрим” ЖШС-мен бірлесіп, “Ата­мекен” компаниясы шаруа­шы­лықтарының негізінде барлық техникалардың жұмысын жоспар­лайтын, минералдық тыңайтқыш­тарды енгізу, өсімдікті қорғау тәсі­лін қолдану, астық қозғалысын есепке алу, фотобейне есептер мен кәсіпорындардағы әрбір дақылдың өзіндік құнын анықтау жұмыстарын автоматтандыратын 8 модульді енгізу бойынша қанат­қақты жоба іске қосылды. Жаңа технологияларды қолданудың ал­қаптарға спутник арқылы мони­торинг жүргізу, дрондарды қол­дану, жануарларға электронды чип тағу сияқты оң мысалдары бар.

Облыстың агроөнеркәсіп ке­шеніндегі маңызды бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы өнім­дерін қайта өңдеу. 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 86 кәсіп­орын жұмыс істеді.

Қаңтар-желтоқсан айында об­лыста азық-түлік өндірісінің кө­лемі 93,6 млрд. теңгені құрады. Жыл қорытындысы бойынша өңір өнеркәсібі дамуының оң серпіні сақталды. Облыстағы өнеркәсіп саласында 476 кәсіпорын жұмыс істеп, 223 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өсім 4,5 пайыз болды, бұл – республика бойынша ал­тыншы көрсеткіш. Саланың же­текші кәсіпорындары: “Петропавл ауыр машина жасау зауыты”, “ЗИКСТО”, “С.М.Киров атындағы за­уыт” және “Мұнаймаш” акционерлік қоғамдары 2017 жылы 26,7 млрд. теңгенің өнімін өндірді. “ЗИКСТО” АҚ-ы өндіріс қарқынын 2,2 есеге, ал “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ы 2 есеге өсірді. 2017 жылы Елбасы­на “Маслодел” ЖШС-нің Швей­царияның “ТЕТРА ПАК” қондыр­ғысымен жабдықталған сүт өңдеу зауыты таныстырылды. Өндірістік процесі толық автоматтанды­рыл­ған жоғары технологиялық қон­дырғысы бар кәсіпорын Қазақ­стандағы сүт өнеркәсібі көшбас­шыларының біріне айналды. Пет­ропавл қаласында “Радуга” ЖШС-нің жекеменшік индустриялық аймағы ашылды.

Қолайлы инвестициялық кли­мат құру өңірімізге инвестиция тар­тудың маңызды бөлігі болып та­былады. Жеке инвестициялар 80 пайызды (151,2 млрд. теңге), бюджет қаражаты 20 пайызды (37,7 млрд. теңге) құрады. Осы­лай­ша 1 теңге бюджет қаржысына 4 теңге жеке инвестиция тартыл­ды. Қытай, Ресей, Аустралия, БАӘ мемлекеттерінің 20-дан астам компаниясы өңіріміздің ин­вес­тициялық мүмкіндігіне қызығу­шы­лық танытты. Сол жылы облыс делегациясы Қытайдың Шаньси провинциясында өткен конфе­ренцияға қатысып, Нұр-Сұлтан қаласында Қытай Халық Респуб­ликасының ауыл шаруашылығы министрі Хан Чанфумен кездесті. 2017 жылдың 8 тамызында облыс делегациясы елордада Хэнань провинциясына арналған Қазақ­стан – Қытай бизнес-форумына қатысты.

Облысымыздың экономикалық дамуында көлік-логистикалық ин­фрақұрылымның маңызы айтар­лық­тай мәнге ие. 2017 жылы Қор­ған қаласы бағытындағы “Пет­ропавл – Ресей Федерациясының шекарасы” тасжолының 60 шақы­рым учаскесіне жаңарту жұмыста­рын жүргізу қолға алынды. Облы­сымыз үшін тауар айналымының күретамыры болып табылатын Оңтүстік Орал темір жолы да ерекше маңызға ие. Тек 2017 жылдың өзінде транзиттік тасы­малдау 14,5 пайызға артты.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту, оның ішін­де таза ауызсумен қамту мәсе­лесіне басымдық берілді. 2017 жылы су және жылумен қамту же­лілерінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына 3,5 млрд. теңге бөлінді. “Нұрлы жол” бағдарла­масы аясында 1,1 млрд., ал өңір­лерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша 2,4 млрд. теңге қарастырылды. Об­лыста құрылыс та қарқын алып, бұл мақсатқа 64,5 мил­лиард теңге жұмсалып, 200,1 мың шаршы метр тұрғын үй пай­далануға берілді. “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасын жү­зеге асыру аясында Петропавл қа­ласының “Солнечный” шағынау­да­нынан жер бөлініп, онда 200 үй салу көзделді.

Жыл соңында облыста 3-6 жас аралығындағы балаларды мек­теп­ке дейінгі тәрбиемен және оқу­мен қамту мәселесі толығымен шешілді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бұл сала қар­қынды дамып, “Концессиялар ту­ралы” Қазақстан Республикасы­ның Заңы аясында қараша-жел­тоқсан айларында 230 орын­дық екі балабақша пайдалануға берілді. Десе де өңірде төрт мектепте оқушылар үш ауысымда оқыған болатын. Бұл мәселені шешу жолдары қарастырылып, Петропавл қаласында 1500 орындық екі мектептің құрылысы (“Жас өркен” шағынауданында 900 орын, “Береке” шағынауда­нында 600 орын) басталды. Со­нымен қатар 2017 жылы “Жас өркен” шағынауданында Оқушы­лар сарайының құрылысы бас­тал­ды.

Облысымызда тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, мәде­ниет­ті дамыту бойынша мақсатты жұмыстар атқарылды. Мәдениет нысандарын ашу Жол картасына сәйкес 2017 жылы 33 нысан қолданысқа берілді, соның ішінде 24 демалыс орталығы және 9 кітапхана бар. “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырыл­ған көрмесі аясында Нұр-Сұлтан қаласында Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері жоғары деңгейде өтті.

Қытайдың Шихэцзы, сондай-ақ БАӘ-нің Әбу-Даби, Ресей Феде­рациясының Түмен, Воронеж, Бе­ларусь Республикасының Брест қалаларында өткен халық­ара­лық, республикалық фести­валь­дар мен конкурстарда шы­ғар­машы­лық ұжымдарымыз лайықты өнер көрсетті. Алғаш рет біздің об­лысымызда Қазақстан Республикасының ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындары өтіп, солтүстікқазақ­стандықтар 26 медаль иеленіп, жеңімпаз атанды.

Өңірімізде жалпыхалықтық патриотизмге, төл тарихымыз бен мәдениетімізге деген сыйластық сезім қалыптастыруға бағыттал­ған “Рухани жаңғыру” бағдарла­ма­сын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өңіріміздің біртуар тұлғаларының есімдерін есте қалдыру мақса­тында Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімов­тің ескерткіш-мүсіні бой көтерді. Сәбит Мұқанов атындағы облыс­тық кітапханада латын әліпбиін үйрену бойынша орталықтың ашылуын да атап өткен жөн.

Облыста спорт саласын дамы­туға ерекше басымдық берілді. Республикалық және халық­аралық сайыстарда ел намысын қорғаған жас спортшылардың же­тістіктері көңіл қуантады. Алатау баурайында өткен XXVIII қысқы Универсиадада өңіріміздің спорт­шылары да табысты өнер көрсетті. Ерлер арасында өткен шаң­ғы жарысынан 7,5 шақырымдық командалық эстафетада күміс медаль олжалаған Ринат Мухинге үш бөлмелі пәтердің кілті табыс­талды. Ол Жапонияның Саппоро қаласында өткен қысқы Азия ойын­дарында алтын медаль ал­ды. Сондай-ақ WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов Аме­рика рингінде үлкен жеңіске қол жеткізді. Тайланд елінің Тайпей қаласында өткен 29-шы Бүкіл­әлемдік жазғы Универсиадада ауыр атлетикадан жерлесіміз Айдар Қазов алтыннан алқа тақ­ты. Данияр Кәленов Түркі­менстан астанасы – Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойында­рының чемпионы атанды. Құрлық додасынан кейін Алматыда өткен “Болат Тұрлыханов” халықаралық жарысына қатысып, онда да топ жарды. Алтыннан алқа тағынған балуанға облыс әкімі пәтер кілтін табыс етті.

“Қызылжар” футбол команда­сы араға тоғыз жыл салып, Пре­мьер-лигаға қайтып оралды. Об­лыста спорт нысандарының мате­риалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын нығайту мақса­тын­да жүйелі түрде жөндеу жұ­мыстары жүргізілді. Қызылжар­лық­тардың қуанышына орай, “Қарасай” стадионындағы футбол алаңының жасанды жамылғысы ауыстырылды. Сонымен қатар Қызылжар ауданындағы Новони­кольск ауылында жаңа дене шы­нықтыру-сауықтыру кешені пай­да­лануға берілді.

Біздің баһадүр бабалары­мыз­дың мыңжылдықтардан жеткен арманы, үкілі үміті, тар жол, тайғақ кешулерінің өтеуіндей болған Тәуелсіздіктің 26 жылдық тойын­да облысымызда елуден астам нысан пайдалануға берілді. Со­лардың ішінен қызылжарлық­тарға тарту ретінде Петропавл қала­сында “City mall” ойын-сауық кешені ашылғанын айта кеткен жөн. 2017 жылы облыс әкімі бо­лып тағайындалып, өңірді тың бастамаларға жетелеген Құмар Ақсақаловтың іскерлік қарым-қа­былетімен биік белестен көрінген қызылжарлықтар жылды табысты аяқтап, дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp