«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүлделі жорық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орал қаласында дзюдо­дан ел біріншілігі өтті. Респуб­ликалық жарыста “Қызылжар арландары” клубының 3 бірдей спортшысы қанжығаларын майлап қайтты.

Алдымен ерлер арасында Ерсұл­тан Мұзаппаровтың айы оңынан туды. Ол 90 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түс­іп, тек финалда қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде күміс медальді еншіледі. Бұрымды балуандар да жүлдегер атанды. 48 килограмда 16 спортшы өзара мықтыны анықтады. Қуанышымызға қарай, жерлесіміз Ділназ Асылхан қола жүлдегер атанды. 78 килограмм санатындағылар арасынан Назгүл Маратоваға да осындай марапат бұйырды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp