«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЙ ШАШУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің “Күй – тәңірдің күмбірі” атты концерті өтті. Өңір тұрғын­дары құлақ­тан кіріп, бойды алған тәтті күйлерден су­сындап қайтты.

Түркештің “Көңіл ашарымен” бас­талған концерт көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Асхат Ғалеев домбырада, Рус­лан Асылхан сыбызғыда жеке өнер көрсетті. Халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері қобызшы Жәмила Мұстафина Ықылас Дүкенұлының “Жез киік” күйін орындады.

Көпшілік тамаша кештің куәсі бол­ды. Дина Нұрпейісованың “Әсем қоңыр”, “Он алтыншы жыл”, Дәулеткерей Шығайұлының “Құдаша”, Сүгір Әліұлының “Ыңғай төк”, Қазанғап Тілепбергенұлының “Жаса, Ақжелең”, Құрманғазы Сағырбайұлының “Ақбай”, “Сарыарқа” сынды шығармалары жиналған жұртшылықты бір желпінтіп тастады. Кеш соңында домбырашылар Бәйімбет Құбайдолла, Асхат Ғалеев пен Мақсат Қонақ­паев оркестрдің сүйемелдеуімен көрермендерге күйден шашу шашты.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp