«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сан қырлы қайраткер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы об­­лыс­тық ғылыми-әмбебап кі­тап­ханада көрнекті Алаш қай­раткері, жазушы, драматург, журналист, ғалым, тарихшы Қошке Кемеңгер­ұлының туға­нына 125 жыл то­луына арнал­ған “Сан қырлы дарын иесі” ат­ты әдеби кеш өтті.

Шараға М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан универси­теті­нің және М.Жұмабаев атындағы жо­ғары кол­ледждің студенттері, “Қаламгер” клу­бының мүшелері, кітапхана оқырман­дары қатысты.

Қошке Кемеңгерұлының қай­рат­­кер­лік тұлғасы, қазақ баспасө­зінің қа­лыптасуы мен дамуындағы журна­листік қызметі жөнінде Қа­зақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғы­лым ака­демиясының академигі, про­фессор Зарқын Тайшыбай баян­дама жасады. Алаш қайрат­керінің өмірі мен қызметі, шығар­ма­шылық жолы, білім мен мәде­ниетті көтеруге сіңірген еңбегіне аталмыш жоғары оқу орнының про­фес­соры, тарих ғылымдарының кан­­ди­даты Зылыйқа Бимақанова жан-жақ­ты тоқталса, Солтүстік Қа­зақстан облыстық архивінің қыз­меткері Назер­ке Рамазанова Қош­ке Кемеңгерұлы өмірінің Қызыл­­жар кезеңі туралы әңгіме өрбітті.

Әбу Досмұхамбетов атындағы да­рынды балаларға мамандан­ды­рыл­ған гимназия-интернаттың та­рих пәні­нің мұғалімі Мәрзия Елем­баева Тә­уелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алаш қайраткерлеріне ар­налған жоба бойынша атқары­лып жатқан жұмыс­тар туралы әңгіме­ле­ді. Гимназия-ин­тернаттың 11-сы­нып оқушысы Нұ­рай Нұрғожина облысымызда екінші орын алып, республикаға жолдама алған Қош­ке Кемеңгерұлы туралы жаз­ған ғы­лыми жұмысымен таныс­тырды. Жиында жастар Қошке Кемеңгер­ұлы­ның өлеңдерін жатқа оқыды. Шара со­ңында қатысушылардың на­зарына “Алаштың көрнекті қай­раткері” атты кітап көрмесі ұсы­нылды.

Майра ӘШІМОВА,

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp