«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

3,5 миллион көшет егілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың орманды алқаптары 2025 жылға дейін тағы 20 мың гектарға ұлғайтылады. Осы мақсатқа жету үшін 100 млн. түп көшет отырғызылуы тиіс. Биыл орманшылар оның 3,5 млн.-ын екті.

Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, мемлекеттiк орман қоры 549,6 мың гектарды алып жатыр. Президенттің былтыр қыркүйек айында берген 2 млрд. ағаш отырғызу туралы тапсырмасына орай өңірде кешенді жоспар әзірленді. Осы жоспарға сәйкес орман шаруашылығы мекемелерi 2021-2025 жылдар аралығында 20 мың гектар алаңға 100 млн. түп көшет отырғызуды жоспарлап отыр.

– Биыл жоспар бойынша 850 гектар алқапқа ағаш отырғызуымыз қажет еді, біз iс жүзiнде 868 гектарға 3,5 млн. көшет ектік. Алдағы жылдары егу үшін орман мекемелерiнiң уақытша питомниктерiнің 9,3 гектар алқабына қайың мен қарағай тұқымы себiлдi. Егiс алаңы мен отырғызылатын материал көлемi жыл сайын ұлғайтылып отырады, – дейді басқарманың бөлім басшысы Василий Лабанчук.

Орман шаруашылықтарында көшет отырғызатын 34 тұрақты және уақытша питомник бар, аумағы әзірге 218 гектар, алдағы бірер жылда ол тағы 75 гектарға ұлғайтылмақ. Маманның айтуынша, қазіргі уақытта қарағай бүршiктерiн жинау жұмыстары басталды. Қарағай бүрлерi қазан айынан бастап, наурызға дейiн жиналады. Бұл оңай жұмыс емес, өйткенi бүршiктердiң негізгі бөлiгi ағаштың басында өсіп тұрады. Қазiргi уақытта 2000 килограмнан астамы дайындалды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp