«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Отбасының шырқын бұзған…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы өтіп жатыр. Іс-шара аясында өңір полицейлері көшелерде, сондай-ақ ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында тұрғындарға ақ ленталар, суреттер мен буклеттер таратты.

Облыстық полиция департаменті басты­ғының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, акцияның басты мақсаты – отбасында орын алатын зор­лық-зомбылық жағдайларын болдырмау, кеңес алу үшін полицейлерге, “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігіне, психологтарға жүгіну қажеттілігін халыққа жеткізу.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, өңірімізде жыл басынан бері отбасы шырқын бұзған 2391 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жанжалқойларға қатысты екі мың­нан аса қорғау ұйғарымы шығарылды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp