«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Басымдық — баспана салуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 53 көппәтерлі үй салынуда. Партиялық бақылау комиссиясында облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев тұрғын үй қорын реновациялау және күрделі жөндеу жұмыстары туралы айтып берді.

– Жалға берілетін 8 коммуналдық үй салынып жатыр, биыл Петропавл қаласы мен Мамлют ауданында 330 пәтерлік 4 үй бой көтереді. Бұдан бөлек, ипотекалық несиеге берілетін 1583 пәтерлік 15 үй салу жоспарланған. Жеке инвестициялар есебінен Петропавл қаласы мен Шал ақын ауданында 1367 пәтерлік 23 үй салынуда. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша “Отбасы банк” бірыңғай оператор болып белгіленді,– деді Сәтжан Аблалиев.

“Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорын реновациялау үшін облыс орталығындағы 3 учаскедегі ескі баспаналар сүріледі. Олар: Алтынсарин – Амангелді – Позолотин, Новатор – Шоқан Уәлиханов және Жамбыл – Партизан – Парк көшелерінің аралығындағы учаскелер. Бұл жерлерде 221 пәтерлік 3 көпқабатты үй тұрғызылады.

Сонымен қатар тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады. Бүгінде өңірде 1837 көпқабатты тұрғын үй бар. 2011-2020 жылдар аралығында 170 үй жөнделді, жыл аяғына дейін 15 көппәтерлі үй қалпына келтіріледі. Бұл мақсатқа бюджеттен қаражат қарастырылған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp