«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Сары” аймақтамыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№2 қалалық емханада жасөпірімдер АҚШ-тың “Pfizer” вакцинасын алды. Жалпы өңірде жүкті, сәбиі бар аналар мен балалар вакциналау науқанына белсенді қатысуда.

№2 қалалық емхана бас дәрігері­нің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Бе­гайым Мейманованың айтуынша, медициналық ұйымға 582 доза вакцина жеткізілген. Қазіргі таңда 12 жастан 18 жасқа дейінгі 215 бала мен жасөспірім, 4 жүкті әйел, 33 ана екпе алып үлгерді. Емдеу мекемесінде аталмыш вакцинаның 330 дозасы бар.

– “Pfizer” вакцинасын балалар мен жасөспірімдерге қоймас бұрын ата-аналардың рұқсаты алынады. Бүгінде аталмыш вакцинаны алғандардың жағдайы жақсы. Асқынулар мен шағымдар бол­ған жоқ, – деді Бегайым Мейманова.

Қазір өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Облысымыз “сары” аймақта тұр. Желтоқсан айының 5-і күнгі мәлімет бойын­ша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 68 жағдайы тіркелді. Петропавл қаласында ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары. Ғабит Мүсірепов атындағы, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Тимирязев аудандарында бір науқастан анықталды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp