«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қой өсірген озар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста асыл тұқымды қой репродукторлары салы­нып жатыр. Олар Жамбыл және Тайынша аудандарында ашылады. Қазірдің өзінде шаруашылықтарға Еділбай тұқымды қойлар жеткізілді.

Облыстық әкімдіктің мәліме­тін­ше, биыл өңірде ауыл шаруашылығы бойынша 34 жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл мақсатқа 48 млрд. теңге жұмсалмақ. Жобалардың 16-сы сүт фермасының құрылысына қатысты болса, бі­реуі шошқа фермасын үлкейтуді көздейді, екеуі – 13 мың басқа шақталған борда­қылау кешені, үшеуі – асыл тұ­қымды қой репродукторы, екеуі – 6 мың тонна ет өндіретін құс фермасы, 2,8 мың тонна өнім шығаратын жылыжай, 7 астық қой­масы, бір тұқым зауыты және майлы дақылдарды өңдейтін цех құрылысы бар.

Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға кешенді жоспары аясында биыл республикалық қазынадан 15 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде облыстың барлық аудандарында 6 бағыт бойынша 17 ауыл шаруашылығы жобасы қаржыландырылды. Соның ішінде өңірде кенжелеу қалған қой шаруашылығына қамқорлық ерекше. Шаруашылықтар 12 мың тоқты сатып алды. Соның ішінде Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан 5,2 мың асыл тұқымды қой жеткізілді.

Қазір өңірде үш репродуктор құрылып жатыр. Атап айтқанда, Жамбыл ауданындағы “Екпін – 2002” ЖШС-і 159 млн. теңгеге қар­жыландырылып, 2600 қой сатып алды. Тайынша ауданының “Қаратомар” ЖШС-ге 91 млн. теңге бөлініп, 1222 қой алды, аталмыш аудандағы “Шұғыла LTD” ЖШС-і 100 млн. теңгеге 1350 бас Шопан ата төлін алды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp