Франция астанасы Парижде брейкданстан әлем чемпионаты өтті. Дүниежүзілік додада жерлесіміз, спорт биінің шебері Әмір Зәкіров жүлдегер атанды.
Әлем біріншілігіне 100-ден астам спортшы қатысты. Ел намысын 4 биші қорғауға мүмкіндік алып, тек Солтүстік Қазақстан облысы тумасының жолы болды. Өкінішке қарай, жартылай финалда Әмір канадалық қарсыласына есе жіберді. Дегенмен қола медаль үшін болған таласта жерлесіміз бразилиялық Луан Саннан басым түсті.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.