“Қызылжар” ХХІ дәстүрлі халықаралық турнирі аясында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Осымен 21-ші рет ұйымдастырылған айтулы бәсеке солтүстікқазақстандық атақты кикбоксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия жеңімпазы Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналды. Еліміздің әр қиырынан сайдың тасындай іріктеліп алынған 168 үздік кикбоксшы өзара күш сынасып, спортсүйер қауымды тәнті етті.
Кикбоксшылар төрт күн бойы 26 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасып, жеңімпаздар анықталды.
Жалпыкомандалық есеп бойынша өңірімздің кикбоксинг шеберлері жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, қоржынға 5 алтын салды. Екінші, үшінші орындарды Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда облыстары иеленді.
Әділет БАҒЛАНҰЛЫ
“Soltüstık Qazaqstan”.