«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айтулы бәсеке

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қызылжар” ХХІ дәстүрлі халықаралық турнирі ая­сында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Осымен 21-ші рет ұйымдасты­рылған айтулы бәсеке солтүстік­қазақстандық атақты кикбоксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия жеңімпазы Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналды. Еліміздің әр қиырынан сайдың тасындай іріктеліп алынған 168 үздік кикбоксшы өзара күш сынасып, спортсүйер қауым­ды тәнті етті.

Кикбоксшылар төрт күн бойы 26 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасып, жеңімпаздар анық­талды.

Жалпыкомандалық есеп бойынша өңірімздің кикбоксинг шеберлері жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, қоржынға 5 алтын салды. Екінші, үшінші орындарды Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда облыстары иеленді.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp